Бірінші сынып оқушыларының 70%-ы қазақша оқиды

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр. Қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 274 мың бала бірінші сыныпқа қабылданды. Олардың 70%-ы оқу тілі ретінде мемлекеттік тілді таңдаған.
Құжаттарды тапсыру келесі жолдармен жүзеге асырылады:
• eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы
• eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы
• мектепке барып, қағаз түрінде тапсыру арқылы
Құжаттарды қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда жұмыс күндері жүргізіледі.
Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылында Қазақстанда 351 176 бала бірінші сыныпқа қабылданған.
Ең көп бірінші сынып оқушысы Түркістан облысында тіркелді – 44 мыңнан астам бала.
Одан кейінгі орындарда Алматы облысы (34 мың) және Астана қаласы (26 мың) тұр.
Abai.kz