Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Саңлақ 1809 0 пікір 16 Шілде, 2025 сағат 11:11

"Қайрат" финляндиялық командамен кездеседі

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Алматылық "Қайраттың" 2025/26 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды.

Алматылық команданың келесі қарсыласы Финляндияның КуПС клубы. Фин командасы екі ойын қорытындысы бойынша Молдованың "Милсами" клубын 1:0 есебімен жеңді. Алғашқы матчта КуПС өз алаңында жеңіске жетсе, қарымта кездесу голсыз тең аяқталды.

"Қайрат" КуПС-пен 22 және 29 шілде күндері ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, алматылықтар Чемпиондар лигасындағы жолын словениялық "Олимпияны" сенсациялық түрде жарыстан шығарып (қос матчтың есебі — 3:1), сәтті бастаған еді.

Жаңа еурокубок маусымында Қазақстан намысын сондай-ақ келесі командалар қорғайды:
"Ақтөбе" (Еуропа лигасы),
"Ордабасы" (Конференциялар лигасы),
"Астана" (Конференциялар лигасы)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1204
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2728
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 858
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 815