Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Өзекті 1447 0 пікір 16 Шілде, 2025 сағат 11:14

Қазақстанда дәрігер тапшылығы азайып келеді

Сурет: investing.org сайтынан алынды.

Елімізде медицина кадрларының тапшылығы біртіндеп төмендеді.

Деректе 2023 жылмен салыстырғанда дәрігерлер тапшылығы 20 пайызға, ал орта медициналық персонал тапшылығы 7 пайызға қысқарғаны атап өтілген.

Министрлік мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда дәрігерлермен және орта медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету көрсеткіші Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің орташа деңгейінен асып түседі.

– 2025 жылы медициналық жоғары оқу орындарын 11 626 түлек бітіреді деп күтілуде. Олардың үштен екісі өңірлерге бөлініп, жергілікті медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасады, – деп көрсетілген хабарламада.

Кадр жетіспеушілігін азайту үшін мемлекет тарапынан қолдау шаралары қабылданып жатыр. Мәселен, сұранысқа ие мамандықтар бойынша ауылдық жерге бес жылдан астам мерзімге жұмыс істеуге жіберілген 254 дәрігер жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден асатын көтерме жәрдемақы (100 ЕТЖ мөлшерінде) алған.

Сондай-ақ, медициналық білім алатын студенттерінің стипендиясы орта есеппен 20 пайызға ұлғайтылды.

– Өңірлік сұранысты ескере отырып, бакалавриат пен резидентураға 5 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді. Сонымен қатар, резидентура шеңберінде "Педиатрия" бағыты мен балаларға арналған 14 жаңа мамандық енгізілген. Бұл шаралар білікті медициналық кадрлардың тапшылығын жоюға мүмкіндік береді – делінген министрлік ақпаратында.

Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1229
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2755
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 883
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 834