Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Маңызды 1253 0 пікір 28 Шілде, 2025 сағат 12:37

Банк картасын басқа адамға беру - заң бұзушылық

Сурет: rbc.ru сайтынан алынды.

ІІМ дербес деректерді қорғауға және қаржы қызметі саласындағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында маңызды өзгерістер енгізілгенін ескертті. 

Ведомствоның хабарлауынша, қылмыстық кодекстің жаңа 232-1 бабында өзінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаларға бергені үшін, сондай-ақ материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін немесе оларды алу мақсатында үшінші тұлғаның мүддесі үшін я болмаса пайданы көздеп, төлемдер немесе ақша аударымдарын жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді.

— Алаяқтар берілген деректерді қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа азаматтарды алдау үшін пайдаланады. Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбейді, — делінген хабарламада.
Құзыорлы орган жеке және банктік деректер жай ғана ақпарат емес, бұл тұтынушылардың мүлкі, қауіпсіздіздік пен заң алдындағы жауапкершілік екенін ескертті.

ІІМ келесі нұсқаулықтарды ұсынды:

-ешқашан банктік деректерін үшінші тұлғаға бермеңіз;

-картаңызды немесе шотыңызды беру арқылы «оңай ақша табуға» келіспеңіз;

-күдік туындаған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1025
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2574
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 716
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 679