Жұма, 9 Қазан 2026
Денсаулық 1349 0 пікір 29 Шілде, 2025 сағат 12:53

Адамның тез қартая бастайтын уақыты белгілі болды

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Ғалымдар адамның қартаюы күрт жеделдейтін кезеңді анықтады.

Адам денесінің қартаюы біркелкі жүрмейді. Шамамен 50 жасқа келгенде, ағзаның тозу үдерістері қарқынды жүре бастайтын бетбұрыс кезеңі басталады. Бұл туралы Қытай ғылым академиясының ғалымдары жүргізген зерттеуде айтылған.

Ғалымдар 14 пен 68 жас аралығындағы 76 адамның ағзасындағы сегіз түрлі жүйені зерттеген.

Олар 45 пен 55 жас аралығында айқын биологиялық өзгерістердің болатынын анықтаған.

Қартаю алдымен жүрек пен қан тамырларын, соның ішінде ағзаға қан тарататын ең негізгі тамыр – аортаны әлсірететіні байқалған.

Зерттеу авторлары қартаю біртіндеп емес, толқын тәрізді – кенет өзгерістер кезеңімен жүретін үдеріс деген қорытындыға келген.

Олардың пікірінше, қан тамырлары ағза бойынша қартаю үдерістерін іске қосатын заттардың таралуында маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Ғалымдар болашақта осындай "биологиялық өзгеріс нүктелерін" тереңірек зерттеу адам ағзасының жасқа байланысты тозу механизмдерін жақсырақ түсінуге және оны баяулату жолдарын табуға көмектеседі деп үміттенеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 923
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1234