Түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІХ саммиті
НАХЧЫВАН ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Құрманбек Бакиев және Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүл 2009 жылғы 2-3 қазанда Нахчыван қаласында (Әзірбайжан Республикасы) Түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІХ саммитіне қатысты.
Мемлекеттер басшылары, тарихы, тілі және мәдениеті жақындықтарына, достық, теңдік және өзара тиімділікке негізделген барлық салаларда қалыптасқан қазіргі жоғары дәрежедегі байланыстар мен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өте отырып,
Түркітілдес мемлекеттер басшылары саммиттерінің және 2006 жылы Түркия Республикасында өткен саммитте қабылданған Анталья Декларациясын қоса алғанда, алдыңғы саммиттерде қабылданған декларациялар қағидаларының пайдалылығын растай отырып,
түркітілдес мемлекеттер арасындағы екі жақты және көп жақты қарым-қатынастарды және қазіргі татулықты нығайту Еуразия өңіріндегі ынтымақтастықты тереңдете түсетіндігіне сенімді бола отырып,
2009 жылғы 2-3 қазанда Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІХ саммитінде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван Келісіміне қол қойылуын қанағаттанғандықпен атап өте отырып,
НАХЧЫВАН ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Құрманбек Бакиев және Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүл 2009 жылғы 2-3 қазанда Нахчыван қаласында (Әзірбайжан Республикасы) Түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІХ саммитіне қатысты.
Мемлекеттер басшылары, тарихы, тілі және мәдениеті жақындықтарына, достық, теңдік және өзара тиімділікке негізделген барлық салаларда қалыптасқан қазіргі жоғары дәрежедегі байланыстар мен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өте отырып,
Түркітілдес мемлекеттер басшылары саммиттерінің және 2006 жылы Түркия Республикасында өткен саммитте қабылданған Анталья Декларациясын қоса алғанда, алдыңғы саммиттерде қабылданған декларациялар қағидаларының пайдалылығын растай отырып,
түркітілдес мемлекеттер арасындағы екі жақты және көп жақты қарым-қатынастарды және қазіргі татулықты нығайту Еуразия өңіріндегі ынтымақтастықты тереңдете түсетіндігіне сенімді бола отырып,
2009 жылғы 2-3 қазанда Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІХ саммитінде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван Келісіміне қол қойылуын қанағаттанғандықпен атап өте отырып,
қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы экономика мен сауданың жетекші рөлін атап өте отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым құжаттарына, ең алдымен, Хельсинки Қорытынды актісіне деген өздерінің бейілділігін білдіре отырып, егемендік, аумақтық тұтастық пен шекаралардың мызғымастығы, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, күш қолданбау және күш қолдану қаупін төндірмеу қағидаттарының негізінде мемлекеттердің саяси және экономикалық қауіпсіздіктерін нығайтудағы ортақ ұстанымдарын негізге ала отырып,
төмендегілерді мәлімдеді:
1.Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІХ саммиті түркітілдес мемлекеттер арасындағы түрлі салалардағы көп жақты және екі жақты қарым-қатынастардың және ынтымақтастықтың одан әрі дамуы мен тереңдеуіне маңызды үлес қосатындығын атап өтті.
2. Өзара мүдделілік негізінде түркітілдес мемлекеттер арасындағы тарихи ортақтастық, тілі және мәдениетінің жақындығынан туындайтын қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуға тілек білдірді.
3. Демократия, адам құқығын сыйлау және нарықтық экономиканы дамыту, заң үстемдігін және тиімді басқару қағидаттарына бейілділіктерін тағы да растады.
4. Сауда-экономика саласындағы өзара қатынастарды дамытуға, соның ішінде теңдік және өзара тиімділік қағидаттары негізінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, коммуникация және басқа да салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге тілек білдірді.
5. Түркітілдес мемлекеттердің қарқынды дамып келе жатқан экономикалары көптеген салаларда ынтымақтастықты нығайту үшін қолайлы жағдай тудыратынын атап көрсетті, түркітілдес мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастыққа олардың әлеуеттеріне сәйкес жаңа серпін беру мақсатында қосымша шаралар қабылдаудың маңыздылығын атады.
6. Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Каспий өңірі энергия ресурстарының өсіп келе жатқан рөлін растады, Баку-Тбилиси-Жейһан және Баку-Тбилиси-Эрзурум стратегиялық мұнай және газ құбырлары жаһандық энергетикалық қауіпсіздігіне және өңір елдерінің тұрақты экономикалық дамуына қызмет ететініне сенім білдірді. Осыған байланысты, Баку-Тбилиси-Жейһан құбырының өткізу қабілеттілігін ұлғайту маңыздылығын атап өтті және Баку-Тбилиси-Жейһан мұнай құбырының Ақтау портымен байланысына ерекше мән берді.
7. Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалдары ағымын ұлғайтуға бағытталған және Шығыс-Батыс дәлізінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын Баку-Тбилиси-Карс жаңа жалғастырушы темір жол бағытын құру көліктік-коммуникациялық қатынастардың кеңеюіне және экономикалық дамуға, өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа септігін тигізетіндігін атап өтті.
8. Түркітілдес мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды тереңдетуге, осы мақсатта өзара сапарларды, тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға және ынтымақтастыққа зор көңіл бөлінетінін атап көрсетті. Парламентаралық, орталық пен жергілікті билік органдары және бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байланыстарды кеңейтуге өз қолдауларын білдірді, бұл екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты нығайтуға, сонымен қатар түркітілдес мемлекеттері халықтарының арасындағы қоғамдық қатынастарды дамытуға жәрдемдеспек.
9. Ғылым, білім, мәдениет, көркемдік, туристік, спорт және басқа да салалардағы қатынастарды нығайтудағы өзара мүдделіліктерін растады, түркітілдес халықтар арасындағы рухани және гуманитарлық байланыстарды қолдау және кеңейтуге өз бейілділіктерін білдірді.
10. Ғылыми ұйымдар және ғылым қайраткерлері арасындағы қатынастарды, сонымен қатар тиісті саладағы нақты жобаларды қолдайтындықтарын білдірді және білім саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын тағы да растады.
11. Өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға, ынтымақтастықтың барлық салаларында өзара қарым-қатынастарды, тығыз байланыстар мен ортақ іс-әрекеттерді дамытуға бағытталған саяси консультацияларды одан әрі көтермелеу қажеттігін растады. Түркітілдес мемлекеттер арасындағы сенімділік пен өзара түсіністікті нығайтуға қолдау көрсетуге ниет білдірді.
12. Ауғанстанның бейбіт түрде қалыптасуы және оны қайта қалпына келтіру жөніндегі өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыруды жақтап пікір білдірді және елдегі жағдайды назарға ала отырып, ауған билігі үшін елеулі сынақ болған 2009 жылғы 20 тамызда өткен сайлауды қолдады.
13. Халықаралық қоғамдастықтың Ауғанстанға көмек көрсету бағдарламаларына және оның экономикасын қайта қалпына келтіру жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыруға бірлесе қатысуға ниет білдірді. Осы орайда ауған мәселесін реттеуге бағытталған түркітілдес мемлекеттердің барлық бастамаларын, әсіресе, Қырғыз Республикасының "Бішкек бастамаларын" құптады.
14. Ирактың аумақтық тұтастығы мен егемендігін сақтап қалуы және жалпы ирак халқының ажырамас бөлігі болып табылатын түркі тектес қауымның құқықтары мен бостандығының кепілдігі қажеттігіне назар аударды.
15. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Азиядағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үнқатысу мен ынтымақтастықты дамытудағы маңыздылығын атап өтті, Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы барысында институттану жолында айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізгенін атап көрсетті және Түркия Республикасының 2010-2012 жылдардағы төрағалығын толықтай қолдады.
16. Түркияның ЕО-ға кіру үдерісіндегі ілгерілеушілігін қанағаттанғандықпен атап өтті. Өйткені, Түркия Еуразия кеңістігіндегі маңызды ел болып табылады және оның ЕО-ға мүшелігі өңірдің жалпы дамуына саяси, экономикалық және әлеуметтік серпін береді.
17. БҰҰ-ның белгіленген өлшемдері негізінде жүзеге асатын жаңа Әріптестік шеңберінде кипрлік мәселенің шешілуіне өз үміттерін білдіріп, Кипрдегі екі тарап арасындағы реттеу жөніндегі жан-жақты келіссөздердің жалғасуын, сондай-ақ түрік кипрліктерін оқшаулауды дереу алып тастауға қатысты БҰҰ Бас хатшысы үндеулері мен ИКҰ қарарларын қолдады.
18. Ислам Конференциясы Ұйымының тиімділігін арттыру мақсатында ИКҰ құрылымының шеңберінде көп жақты ынтымақтастықты нығайтуға арналған бірлескен күш-жігерлердің маңыздылығын атап көрсетті және Қазақстан Республикасының 2011 жылы ИКҰ СІМК төрағалығын қуаттады.
19. Шекараларды мәжбүрлеп өзгертуге жол бермеуге қатысты өз ұстанымдарын растады және халықаралық бейбітшілікке және тұрақтылыққа, егемендікке және мемлекеттердің аумақтық тұтастықтарына қауіп төндіретін басқыншылық актілеріне қарсы халықаралық қауымдастықтың күш-жігерлерін біріктіру жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды фактор болып саналатынын мәлімдеді.
20. Халықаралық қауіпсіздікке, тұрақты дамуға, сондай-ақ БҰҰ Жарғысында бекітілген мақсаттарға қол жеткізу үшін жаһандық және стратегиялық мәселелерді шешудегі БҰҰ рөлінің күшеюіне ерекше көңіл бөлетіндерін атап өтті. БҰҰ-да өткізілетін реформалар халықаралық мәселелердегі, оның әлеуетін жаңа қауіптер мен халықаралық құқық тәртібіне қыр көрсетулерге қарсы жедел және тиімді пайдаланудағы БҰҰ-ның орталық рөлін күшейтуге бағытталуы тиіс екендігін атап өтті.
21. 2011 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясы шеңберінде өтетін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлау барысында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2012-2013 жылдар кезеңіндегі тұрақты емес мүшеліктеріне Әзірбайжан Республикасы мен Қырғыз Республикасының кандидатураларын ұсынуды салиқалы түрде қарастыруға ниеттерін білдірді.
22. Армян-әзірбайжан Таулы Қарабақ қақтығысына және оның ауыр салдарларына алаңдаушылықтарын жеткізді және аумақтық тұтастығы қағидаты, Әзірбайжан Республикасы шекарасының мызғымастығы мен халықаралық құқық нормалары негізіндегі тұрақтылық пен өңірлік ынтымақтастық үшін кедергілердің бірі болып табылатын бұл қақтығысты бейбіт түрде реттеу маңыздылығын атап өтті; армян-әзірбайжан Таулы Қарабақ қақтығысын шешу Еуразия кеңістігіндегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен игілікті қамтамасыз ету бағытындағы маңызды ілгерілеу болатынына тағы да сенім білдірді.
23. БҰҰ-ның бастамасы болып табылатын аса жоғары мәдениетаралық өзара түсіністік және дінаралық үнқатысуда көтермелеу және өзара құрмет, бейбітшілікті ілгерілету, үйлесім мен әлемнің түрлі мәдениеттері арасындағы өзара түсіністік ахуалын қалыптастыруға бағытталған Өркениеттер альянсы, сондай-ақ Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы болып табылатын Әлем және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің үлесін ризашылықпен атап өтті.
24. Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Экономикалық ынтымақтастық ұйымы шеңберінде осы ұйымның күшеюіне үлес қосу, экономикалық тұрақтылықты және өңірдегі әл-ауқатты арттыру мақсатында одан әрі жалғасатынын растады.
25. Қызметі бауырлас халықтардың парламенттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясына қолдау білдірді.
26. Терроризм, адам саудасы, есірткі заттары және психотроптық заттардың заңсыз айналымы, қылмыскерлік, соның ішінде заңсыз қару-жарақ сату, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін басқа да қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы күрестегі ынтымақтастық пен бірлескен іс-әрекеттердің маңыздылығын атап көрсетті. Осы саладағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өзара және халықаралық ұйымдармен және форумдармен ықпалдасу ниеттерін тағы да растады.
27. Түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІХ саммитінде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван Келісіміне қол қоюдың негізінде құрылған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі түркітілдес мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың жаңа кезеңін белгілеп беретіндігін атап өтті.
28. Тарихи байланыстарға негізделген түркітілдес мемлекеттер арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстар достастық пен тату көршілік рухында өрбитінін, түркітілдес мемлекеттердің мүдделеріне сай келетінін атап өтті. Ортақ мәдени мұраны қорғау, осы мұраны келешек ұрпақтарға жеткізу және оны халықаралық аренада насихаттау салаларында тығыз ынтымақтастықты дамыту үшін күш салатындығына жігерлілік білдірді.
29. ТҮРКСОЙ-дың Түркі әлеміндегі ортақ құндылықтарды бірдейлендіруде, дамытуда, тарату мен халықаралық деңгейде танымал етуде маңызды рөл атқаратыны атап көрсетілді, сондай-ақ оның түркітілдес мемлекеттер арасындағы мәдени қарым-қатынастарын тереңдетуге қосқан үлесін жоғары бағалады. Осыған байланысты түркітілдес елдердің тілі, мәдениеті және рухани құндылықтарының ортақтығына негізделген байланыстар мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуда ТҮРКСОЙ-дың маңыздылығын атап өтті.
30. Әзірбайжан Республикасы Президентінің әлем өркениетінің дамуына бағалы үлес қосқан бай түркі мәдени мұрасын сақтап қалу және қолдау жөніндегі ТҮРКСОЙ қорын құру туралы бастамасын бірауыздан қолдайды. Өз мемлекеттерінің үкіметтеріне ТҮРКСОЙ қорын құру мен қызметінің ұйымдық мәселелерін пысықтауды тапсырды.
31. Түркітілдес мемлекеттер басшыларының Х саммитін Қырғызстанда өткізу туралы шешім қабылдады.
32. Қонақтар саммит қорытындысына қанағаттанғандық білдіріп, өздеріне көрсетілген жылы қабылдау мен қонақжайлығы үшін әзірбайжан халқына және Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтты.
2009 жылғы 3 қазанда Нахчыван қаласында әзірбайжан, қазақ, қырғыз және түрік тілдерінде қол қойылды.
Әзірбайжан Қазақстан Қырғыз Түркия
Республикасының Республикасының Республикасының Республикасының
Президенті Президенті Президенті Президенті
Ильхам Әлиев. Нұрсұлтан Назарбаев. Құрманбек Бакиев. Абдулла ГҮЛ.