Дүйсенбі, 4 Тамыз 2025
Жаңалықтар 144 0 пікір 4 Тамыз, 2025 сағат 11:15

Жатаханамен қамтамасыз ету: Ахуалдық орталық ашылды

Сурет: GOV.kz сайтынан алынды

Аталған орталық Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 142 мекенжайында орналасқан университет ғимаратының аумағында орналасқан.

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында Ахуалдық орталық ашылды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек аталған орталық жатақханадан орын таба алмаған студенттерге көмек көрсететінін айтты.

Әр жоғары оқу орнының жанынан арнайы цифрлық платформа құрылды. Ол отандық жоғары оқу орындарының 80%-нда бар. Айта кетейік, Нархоз және Satbayev University-де студент жатақханадан бөлмені, орынды өзі таңдайды. Ал жатақханадан орын ала алмаған студенттер Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында ашылған Ахуалдық орталықтың көмегіне жүгіне алады. Сондай-ақ Алматыда бос орын таба алмай қиын жағдайға тап болған студенттерге университеттермен бірлесе төтенше жағдайға арналған 55 арнайы бөлме дайындадық, – деді министр.

Орталықта 10 толыққанды жұмыс орны бар. Арнайы жұмыс орны заманауи компьютерлермен, байланыс құралдарымен, цифрлық дерекқорларға қолжетімділікпен және жоғары оқу орындарымен жедел байланыс арналарына (бір нөмірге бір уақытта қосылатын 10 байланыс желісі) қосылған жүйемен жабдықталған. Сонымен қатар орталықта жиналыстар мен брифингтер өткізуге арналған конференц-зал, келушілерге арналған күту және демалыс аймағы мен оқу бұрышы қарастырылған.

Министрдің айтуы бойынша, жатақхана мәселесін шешу үшін елімізде арнайы нормативтік субсидиялар ұлғайтылды, жекеменшік мердігерлерді, компанияларды тартып, 5 жылдың ішінде 400-ден астам жатақхана салынды.

Осылайша, Алматыда Ситуациялық орталықтың іске қосылуы студенттердің тұрмыс жағдайын жақсарту және білім алушы жастарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстардың тағы бір қадамы болды.

Abai.kz

0 пікір