Дүйсенбі, 4 Тамыз 2025
Жаңалықтар 300 0 пікір 4 Тамыз, 2025 сағат 17:26

Балалар қауіпсіздігі басты назарда: ШҚО-да ЖЖИ слеті басталды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 3–13 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында Ғазиз Байтасов атындағы Жас жол инспекторларының республикалық 20-шы мерейтойлық слеті бастау алды.

Ауқымды іс-шараға еліміздің барлық 20 өңірінен, сондай-ақ ТМД елдерінен келген командалар қатысады. Жалпы саны 140-тан астам бала жиналды.

Аталған шараға қатысушы өңірлер:
🔹 Астана, Алматы, Шымкент қалалары
🔹Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, облысы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу, Ұлытау, Атырау, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Абай облыстары мен Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Слетке қатысушы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті әр өңірден келген командаларды күтіп алып, «Дарын» лагеріне дейін қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етті.

Abai.kz

0 пікір