Сейсенбі, 26 Тамыз 2025
Өзгелер 200 0 пікір 26 Тамыз, 2025 сағат 15:09

Маск Apple мен OpenAI-ға соғыс жариялады

Сурет: 24tv.ua сайтынан алынды.

Илон Маск ChatGPT-ті iPhone-ға енгізгеннен кейін Apple мен OpenAI-ға сотқа шағым түсірді.

Ол бұл интеграцияны «құпиялық пен қауіпсіздікке қатер» деп атап, оны тоқтатуды талап етті. Маск бұған дейін де OpenAI-ды жасанды интеллектіні коммерцияландырғаны үшін ұзақ уақыттан бері сынап, компанияға қарсы бірнеше сот процесін бастаған.

Енді ChatGPT-ті құрылғыларына енгізуді ұйғарған Apple де қысымға түсті.

Abai.kz

0 пікір