Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2452 0 пікір 2 Қыркүйек, 2025 сағат 15:06

Бауыржан Байбек немен айналысып жүр?

Сурет: vecher.kz сайтынан алынды.

Алматының экс-әкімі әрі бұрынғы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек саясаттан кеткеннен кейін шетелде белсенді жұмыс істеп жүр.

Саясат пен мемлекеттік қызметтен қол үзген соң, екі жылдан астам уақыт Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрып, Қазақстанға инвестиция тартумен айналысқан.

Соңғы бір жарым жылдан бері Байбек Жапонияда еңбек етіп жатыр. Оның қазіргі міндеті жапондық инвестиция мен озық технологияны елімізге тарту арқылы инновациялық жобаларды іске асыру. Сонымен қатар, 2022 жылдың наурызынан бері Байбек онлайн форматта Ақмола облысында жұмыс істейтін «Qazaq Kaolin» компаниясының кеңесшісі қызметін атқарады.

Аталған компания Германияның заманауи технологиясымен каолин өңдеу өндірісін жолға қоймақ. Бұл мәліметтерді Nege.Aqsha порталына Бауыржан Байбектің әпкесі Айгүл Байбек эксклюзивті сұхбатында айтты. Ол сондай-ақ ағасының саясаттан мүлде шеттетілгенін, сондықтан өзі басқаратын «Aray Media Group» ЖШС бухгалтерінің қудалануына қатысы жоқ екенін жеткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1413
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2990
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1058
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 993