Бейсенбі, 4 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 245 0 пікір 4 Қыркүйек, 2025 сағат 14:44

Нұрлан Нығматулиннің баласы ақталды ма?

Сурет: SN.kz сайтынан алынды

Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматуллиннің ұлы Нұрхан Нұрланұлына қатысты іс тоқтатылды.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.

«Ешқандай өзгеріс жоқ. Бұған дейін Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде қылмыстық іс болған. Аталған іс халықаралық тергеу тапсырмасының жолдануына байланысты уақытша тоқтатылды», - деп жауап берді Жеңіс Елемесов Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.

Сонымен қатар ҚМА басшысының орынбасары Нұрлан Нығматуллиннің ұлы Нұрхан Нұрланұлының істегі мәртебесіне тоқталды.

«Әзірге ол куәгер. Біздің сұранысымызға қатысты ақпарат келген соң мәртебесі анықталады», - деп нақтылады ҚМА өкілі.

Abai.kz

 

0 пікір