Бүгінгі Иран - жарқын болашақ құрып жатқан серпінді ел!
Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығының мәдени істер жөніндегі атташесі Мұхаммад Масұд Садеқи Иранның әлемдегі қазіргі бейнесі оның тек көне мәдени мұрасы және бай тарихымен ғана шектелмейтінін айтып, бүгінгі Иранды өзінің даңқты тарихына сүйеніп, жарқын да озық болашақ құрып жатқан серпінді ел деп атады.
Садеқидің айтуы бойынша Иран 1979 жылғы Ислам революциясының жеңісінен кейін дамудың жаңа жолына түсіп, түрлі салада айтарлықтай жетістікке жетті.
Бүгінгі Иран ғылым мен технология саласында аймақтағы басты орталықтардың біріне айналды.
Медицина ғылымындағы, әсіресе адамның дене мүшелерін трансплантациялау мен діңгекті жасушалар саласындағы айрықша жетістіктері иран ғалымдарының жоғары әлеуетін көрсетеді. Айтатын жәйт, дене мүшелерін трансплантациялау амалы Иранды әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосты.
Бұдан бөлек, Иран нанотехнология және бейбіт сипатқа ие ядролық ғылым сияқты жаңа технологияларды игеруде елдің жас әрі талантты мамандарының күш-жігерінің арқасында үлкен табысқа жетті.
Революциядан кейінгі Иран өнер мен мәдениет кеңістігінде де жаңа әрі жасампаз ағымдардың өркендеуіне куә болды.
Иран киносы беделді халықаралық фестивальдарда көптеген марапатқа ие болып, әлемдік көрерменге кең танылды. Бұл жетістік — иран режиссерлерінің әлеуметтік, мәдени және адами мәселелерге терең үңілуінің нәтижесі.
Сондай-ақ, Иранның кескіндеме мен мүсін өнерінен бастап, музыка мен әдебиетке дейінгі заманауи өнері жаңа тәсілдерді тәжірибеден өткеріп, Иран қоғамының зияткерлік серпінділігін айқындай түсті.
Abai.kz