Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1681 0 пікір 5 Қыркүйек, 2025 сағат 14:51

Былтыр 45 инвестициялық жоба іске қосылды

Сурет: primeminister.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда 2024 жылы 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылған 45 инвестициялық жоба іске қосылды.

AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген жиыны барысында Олжас Бектенов Үкімет елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын атап өтті.

Биыл бірінші тоқсанда $6,6 млрд тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға пайызға жоғары.

Негізгі бағыттар анықталды:көмір және мұнай химиясы, дәнді дақылдарды терең өңдеу, сондай-ақ жабдықтар өндірісі. Аталған әрбір бағыт бойынша өңір әкімдіктері аумақтардың салалық ерекшеліктері мен инфрақұрылымдық дайындығын ескере отырып, «инвестицияға тапсырыс» қалыптастырады.

«Өткен жылдың өзінде шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы құны $1,3 млрд болатын 45 жоба іске қосылып, 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Жалпыұлттық пулда шамамен $144 млрд-ты құрайтын 1100-ден астам жоба бар», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1405
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2986
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1053
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 990