АҚШ Шығыс Еуропа елдеріне әскери көмекті тоқтатпақ

АҚШ Шығыс Еуропа елдерінің әскеріне көмек беруін тоқтатады.
Пентагон Шығыс Еуропа елдерінің қарулы күштерін оқыту және жабдықтау бағдарламасын қаржыландыруды тоқтатпақ. Бұл Ақ үй басшысы Дональд Трамптың шетелге берілетін көмекті қайта қарау және қайта бөлу саясатына байланысты.
Financial Times жазуынша, бұл АҚШ Қорғаныс министрлігінің 333-бөлім аясындағы бағдарламасына қатысты. Пентагон одақтас елдердің әскери қызметкерлерін оқытып, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп келген. Бұл бағдарламаға бөлінетін қаражатты АҚШ Конгресі мақұлдауы тиіс. Бірақ Дональд Трамп әкімшілігі бұл мақсатқа қосымша қаржы сұрамаған. Бұған дейін бөлінген қаражат 2026 жылдың қыркүйек айының соңына дейін қолжетімді.
2018 жылдан 2022 жылға дейін Вашингтон осы бағдарлама шеңберінде еуропалық серіктестерін қолдауға 1,6 млрд доллар бөлген. Негізгінен қаражатты Эстония, Латвия және Литва алып келген.
Abai.kz