Астанада магистральді су құбырының жұмысы толығымен қалпына келтірілді
Астана. 9 қазан. ҚазТАГ – Елорданың «Алматы» ауданында сәрсенбі күні кешкі сағат бесте жарылған құбырды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде жүргізілді, – деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ қаланың жедел әрекет етуші күштері министрліктің республикалық дағдарыс орталығына хабарлаған мәліметтерді негізге ала отырып.
«8 қазандағы 16 сағат 45 минуттағы жағдай бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде жүргізілді. Төтенше жағдайды жоюға «Астана Су Арнасы» МКК-нің 25 қызметкері мен 12 техникасы тартылды, делінген таратылған ақпаратта.
Бұрын хабарланғандай, диаметрі 900 мм магистральді су құбырындағы ақау Абай даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысатын жерде табылған. Мамандардың пікірінше, құбырдың жарылуына оның ескіргені себеп болған.
Тұтынушыларға ауыз су айналма құбырлар арқылы берілді. Қазіргі уақытта халыққа су беру қалай жүзеге асырылып жатқаны хабарланбай отыр.