Украина әскері Донбаста бес елдімекенді азат етті

Украина әскері Донбастағы шайқастарда кезекті мәрте басымдыққа ие болды.
Қорғаныс күштері Донецк облысындағы Владимировка ауылын азат етіп, Разино, Золотой Колодезь және Новоторецкое маңында ресейлік әскерді кейін шегіндірді. Мұны DeepState жобасы ресми деректермен де растады. Әрине, «Киевті үш күнде аламыз» деп көкіген Кремльдің жоспары тағы да күл-талқан болды. Қазір 12 жыл бойы Донецкті толық оккупациялай алмай жүрген армияны «әлемнің екінші күші» деп атаудың өзі қиын болып тұр.
Әскери сарапшылар соңғы айдағы статистиканы айрықша атап өтті. Тамыз айында ғана Украина әскері 26 шаршы шақырым жерін қайтарып алған, ал ресейліктер бар болғаны 5 шақырым жерді уақытша иеленген.
Ең қызығ украин дрондары бір айда 67 мыңнан астам ресейлік нысанды соққыға алған. Олардың ішінде мұнай өңдеу зауыттары, әскери қоймалар мен стратегиялық инфрақұрылымдар бар. Осылайша Мәскеу украин дрондарының көлеңкесінен қорқатын күйге жеткен.
Ең қызығы – Украина әскері бір жылдан бері Ресейдің Курск облысының бір бөлігін әлі ұстап тұр. Жер көлемі үлкен емес, бірақ символдық мәні зор. «Дамаскті үш күнде аламыз» деген Ресей армиясы өз аумағындағы шағын учаскені бір жыл бойы қайтарып ала алмай әлекке түсуде.
Бұл соғыс енді тек территория үшін емес, абырой үшін жүріп жатқан сияқты. Украиндар жерін қорғап қана қоймай, «екінші армияға» қатысты мифтің күлін көкке ұшырды. Егер Мәскеу Донбастағы бір ауылды ұстап қала алмаса, оның НАТО-ға қарсы соғыс ашу жоспары – бос қиял ғана.
Нұрлан Жұмақанов
Abai.kz