Жексенбі, 17 Мамыр 2026
Жаңалықтар 2458 0 пікір 10 Қыркүйек, 2025 сағат 17:32

Непалдағы «Z буынының революциясы». Не белгілі?

Сурет: asia-today.news сайтынан алынды.

4 қыркүйекте Непал билігі Facebook, Instagram, YouTube, X, Reddit және LinkedIn сияқты ірі әлеуметтік желілерді жергілікті министрлікте тіркелмегені үшін бұғаттады. Бұл шешім жастардың ашу-ызасын туғызып, елде жаппай наразылыққа ұласты.

Салдары:

  • 8 қыркүйекте Катмандуда басталған шерулер елдің ірі қалаларына тарады.
  • Қақтығыстар салдарынан 22 адам қаза тапты, оның ішінде 3 полиция қызметкері бар.
  • Қырғын барысында 500-ден астам адам жараланды.

Наразылар елдегі президент резиденциясын, парламент пен Жоғарғы сот ғимараттарын өртеді. Үкіметтік кешен Сингха Дурбарды басып алып, армия енгізілді. 2 мыңға жуық тұтқын түрмелерден қашып шықты.

Khabarhub дерегінше, наразылық акциясына қатысушылар 75 жастағы бұрынғы премьер-министр Джала Натх Кханаланың резиденциясына шабуыл жасап, ғимаратты өртеп жіберген. Сол сәтте үйдің ішінде оның жұбайы Раджьялакшми Читракар болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2822
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1929