Бейсенбі, 11 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 152 0 пікір 11 Қыркүйек, 2025 сағат 16:28

Сенатты тарату: Мәулен Әшімбаев не дейді?

Сурет: liter.kz сайтынан алынды.

Мәулен Әшімбаев сенатты таратуға қатысты пікір білдірді. 

"Биылғы жолдаудың негізгі тұстарының бірі – мемлекет басшысының парламенттік реформа жүргізу туралы ұсынысы. Бұл бастама болашақта бір палаталы парламентке көшуді көздейді" , - деді Мәжіліс төрағасы.

"Парламенттік реформа – президенттің әділ де қуатты Қазақстанды құру жолындағы бағытының заңды жалғасы – бұл мақсатқа жету үшін демократиялық институттар мен тетіктерді нығайту қажет.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай маңызды өзгерістер тек ашық және жан-жақты қоғамдық талқылау негізінде жүзеге асырылатынын және түпкілікті шешім халықтың пікірін ескере отырып, жалпыхалықтық референдумда қабылданатынын атап өтті", - деді Әшімбаев.

Оның айтуынша, депутаттар президент жолдауын Қазақстанды жаңғыртудың жол картасы ретінде қабылдайды.

Abai.kz

0 пікір