Сенбі, 11 Қазан 2025
Жаңалықтар 1105 0 пікір 12 Қыркүйек, 2025 сағат 15:06

Жол апатынан қайтыс болғандардың туыстарына арнайы борт бөлінді

Сурет: jasqazaq.kz сайтынан алынды

Жол апатынан көз жұмған азаматтардың туыстары Маңғыстауға арнайы бортпен жіберілді

Бұл борт қаза тапқан азаматтарын денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады. 

ІІМ Ұлттық ұлан борты жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарын Маңғыстау облысына жеткізу үшін жіберілді, деп хабарлайды  Polisia.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, бортта денелерін сәйкестендіру және басқа қажетті рәсімдерді өткізу үшін жол-көлік оқиғасында қаза тапқандардың туыстары ұшып барады.

Борт қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады.

Қаза тапқандардың ішінде бес әйел Қарағанды облысынан, біреуі Астана қаласының тұрғыны.

"Бұл шара қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсету, денелерді сәйкестендіру рәсімдеріне қатысу, оларды тасымалдау және кейінгі жерлеу ұйымдастыру жұмыстарын оперативті шешу мақсатында ұйымдастырылды", – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Айта кету керек, бұған дейін Маңғыстауда Бекет атаға бара жатқан 10 адам жол апатынан қаза тапқанын .

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 821
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9894