Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1378 0 пікір 16 Қыркүйек, 2025 сағат 17:25

Самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салу ұсынылды

Сурет: qaz.ulysmedia.kz сайтынан алынды.

2025 жылдың басынан бері елімізде электросамокаттармен жасалатын 29 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу оқиғасының жолы кесіліп, 8 мың электросамокат айып тұрағына қойылған.

Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха хабарлады. Ол былтыр электросамокаттарды пайдалануға бақылауды қатаңдату туралы тиісті ұсыныстар берілгенін, бірақ олардың бірқатары қолдау таппағанын айтты.

Депутаттар қарап жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көліктің жаңа түрлерінің қозғалысын реттеу және жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде электросамокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салу, кикшеринг қызметіне міндеттеме жүктеу қарастырылған, ал әкімдіктерге оларды пайдалану ережелерін қабылдау құқығын беру ұсынылуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1568
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3182
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1175
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1090