Жұма, 3 Қазан 2025
Жаңалықтар 111 0 пікір 3 Қазан, 2025 сағат 14:58

Қазақстанда тұмауға қарсы жаппай екпе басталды

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Елде тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Биыл «Гриппол плюс» вакцинасының екі миллионнан астам дозасы сатып алынды. Бұл шамамен халықтың 11 пайызын қорғауға жеткілікті. Ең алдымен екпе балаларға, қарттарға, жүкті әйелдерге, медицина қызметкерлеріне және әскерилерге салынып жатыр.

Вакцина созылмалы ауруы бар балаларға, мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, жүкті әйелдерге және қарт адамдарға тегін салынады.

«Вакцина республиканың барлық өңіріне жеткізілді. Оны тіркелген емхана бойынша алуға болады. Екпе ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиялық маусымы басталар алдында жүргізіледі. Бұл ағзаны қорғап, вирусқа қарсы антиденелер қалыптастыруға көмектеседі. Сондай-ақ тыныс жолы инфекциясынан кейінгі асқынулардың алдын алады», - деді Инфекциялық ауруларды бақылау басқармасының бас сарапшысы Салтанат Бекқожина.

Оның айтуынша, науқан барлық жас топтарын қамтиды: екпені алты айдан асқан балалар да, 65 жастан асқан қарттар да ала алады.

«Қажет болған жағдайда вакцинацияны ұйымдастыратын көшпелі егу бригадалары бар», - деп қосты Бекқожина.

Препаратқа теріс әсерлер тіркелген жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігі профилактика шараларын еске салды:

  • адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу;
  • үй-жайды жиі желдету;
  • қолды жуу және аурудың алғашқы белгілері байқалғанда өзін-өзі емдемей, дәрігерге жүгіну.

Қазіргі таңда елде тұмау жағдайлары тіркелмеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 527
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 8657
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 532