Дүйсенбі, 6 Қазан 2025
Әне, көрдің бе? 214 0 пікір 6 Қазан, 2025 сағат 13:36

Орталық Азия мен Кавказ энергетикалық хабқа айналуда

Сурет: musavat.com сайтынан алынды.

Әзербайжан билігі Ресейдің «Солтүстік-Оңтүстік» жобасына қатысудан түбегейлі бас тартты деген хабар жетті. Жобаның мәні Ресей газын Әзербайжан аумағы арқылы Иранға, одан ары Парсы шығанағы мен Үндістанға жеткізу болатын.

Мәскеу осы транзит арқылы жылына 50 миллиард текше метр газ айдап, Ресей бюджетін $30 миллиардқа толықтырмақ еді.

Алайда Баку мұндай схемаға жол бермеді. Себебі бұл БҰҰ енгізген Иранға қатысты халықаралық санкцияларды айналып өтуге тікелей жол ашар еді.

Әзербайжан билігінің ұстанымы анық, халықаралық ережелерді айналып өтіп, Ресейдің көлеңкелі логистикасына жол ашпасы анық. Осылайша Баку екінші санкциялық тәуекелден бас тартып отыр.

Сонымен қатар Ирандағы ресейлік газ хабы туралы ақпараттар да жалған болып шықты. Ресей мен Армения таратқан, Бакудің өз аумағын газ транзитіне береді деген ақпараттар шындыққа жанаспайды.

Ал Әзербайжанның өзінің энергетикалық саясаты Еуропамен терең байланысты. Бүгінде кәрі құрлықтың 12 елі Оңтүстік газ дәлізі арқылы Әзербайжан газын тұрақты түрде алып отыр.

ТАНАП, ТАП, ТАПИ сынды трансконтинентальды жүйелер арқылы жеткізіліп жатқан көгілдір отын Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігінің бір тірегіне айналған. Ресейдің орнына жаңа балама іздеген Еуропа нарығында Баку маңызды ойыншыға айналды.

Қазір газ бағасы өсіп жатыр. Қыркүйекте мың текше метр газ $365 болса, қазан айында бұл көрсеткіш $420-дан асты.

Ал Әзербайжанның барланған газ қоры 2, 7 триллион текше метр. Тек бір ғана «Шах Дениз» кенішінде 1, 4 триллион қоры бар. Бұл ондаған жылға жететін стратегиялық ресурс.

Газ сатылымынан түсетін пайда мемлекеттің әл-ауқатын көтеріп, тұрақты өсімді қамтамасыз етіп отыр.

Осы тұста бір шындық айқындала түскендей, Ресей оқшауланған сайын, Орталық Азия мен Кавказ аймағы энергетикалық хабқа айналып келеді.

Бірақ бұл процеске қатысу үшін әр елдің өз ұстанымы, дербес саяси бағдары болуы керек.

Нұрлан Жұмақанов

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 677
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9395
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 763