Жаңа Сириядағы алғашқы сайлау қалай өтті?

Сирияда жексенбі күні парламенттік сайлау өтті. Саяси науқан тікелей емес сайлау құқығы негізінде өтті, яғни сайлау коллегиясының мүшелері дауыс берген.
Оның нәтижесі бір-екі күн ішінде белгілі болады. Бір палаталы халықтық кеңеске барлығы 210 депутат сайланады. Олардың үштен бірін елдің қазіргі президенті Ахмед Аш-Шараа тағайындайды. Қалған депутаттарды сайлау алқасы құрған өңірлік комитеттер анықтайды.
32 депутаттық орын бос қалып отыр. Себебі үш провинцияда сайлау қауіпсіздікке байланысты кейінге қалдырылған. Мәселен, Эс-Сувайдада шілде айында друздар мен бедуиндер арасында қақтығыстар болды. Ал Эль-Хасака мен Эр-Ракка аймақтары күрдтердің «Сирия демократиялық күштерінің» ішінара бақылауында қалды.
Сайлауға қатысу үшін барлығы 1578 адам тіркелген, үміткерлердің тек 14 пайызы ғана әйелдер.
Abai.kz