Киберқауіпсіздік — технологиялық дамудың кілті

«Ақылды қаланың» қалқаны
Цифрлық шешімдер мен Smart City технологияларының дамуына байланысты киберқауіпсіздік мәселесі алдыңғы орынға қадам басуда. Бүгінгі таңда «ақылды қала» — тек бейнекамералар мен автоматтандырылған жүйелер ғана емес, кез келген кірігу нүктесі әлсіздікке айналу мүмкіндігі бар күрделі цифрлық экожүйе. Мұндай қала тек технологияға ғана емес, тұрғындардың сеніміне де құлақ асады. Ал оның негізі — жеке деректерді сенімді басқару мен қорғалған цифрлық инфрақұрылым. Ал, мұндай жағдайда киберқауіпсіздік қалалық ортаның тұрақты дамуының негізгі факторына айналып, Қазақстандағы цифрлық сервистердің берік іргетасын қалыптастыруға қатысады.
2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, цифрлық ортаны қорғауды күшейту, деректердің заңсыз таралуының алдын алу және киберқауіпсіздік саласындағы құзыреттерді дамыту қажеттігін атап өтті. Бұл міндеттер қалалық инфрақұрылымның дамуы — бейнебақылау жүйелерінен бастап, цифрлық колл-орталықтар мен ТКШ платформаларына дейінгі мәселелермен тығыз байланысты.
Бүгінде цифрландыру мектептерді, ауруханаларды, көлік, сауда орталықтарын және қалалық алаңдарды қамтыды. Онда бейнебақылау камералары, дабыл түймелері, бет-әлпетті тану жүйелері, жедел жәрдем көліктеріндегі GPS-трекері бар бейнежетондар, «ақылды» бағдаршамдар мен талдау модульдері орнатылуда. Мұның барлығы қалалық үдерістердің қауіпсіздігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған.
Алайда осындай әрбір құрылғы адамдардың мінез-құлқы мен орналасқан жері туралы деректерді топтастырып, цифрлық инфрақұрылымның осал буындарын туындату әлеуетіне ие. Киберқауіпсіздік деңгейі ақылды қала цифрлық ортасының қаншалықты тұрақты және сенім тудыратынын анықтай түседі, демек, оның келешегін де айқындайды. Қауіпсіз цифрлық қала киберқорғаудан басталады және ол инновациялар мен тұрғындардың жайлылығы үшін берік іргетасты қалайды.
Цифрлық деректер неғұрлым көп болса — тәуекелдер соғұрлым жоғары
Осы күнгі платформаларды қолданысқа енгізу көбіне киберқауіпсіздік пен азаматтардың дербес деректерін қорғау саласындағы қиындықтармен қатар жүреді. Соңғы жылдары алаяқтардың банк қызметкерлері ретінде өзін таныстырып, зейнеткерлердің атына несие рәсімдеген көптеген жағдайлар тіркелді. Сонымен қатар, осындай тұлғалардың әрекеттерінен студенттердің жеке деректері көпшілікке таралып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры базасына қатысты алып қашпа оқиғалар туындады. Мұндай жағдайлар цифрлық инфрақұрылымға деген сенімді әлсіретіп, қалалар мен олардың тұрғындарын қорғау мәселесін алға тартады. Дәл осы ретте қоғамдық киберқауіпсіздік — цифрлық кеңістікті қорғаудың негізгі элементі ретінде басты назарға іліге түсті.

Фото: Shutterstock.
Осындай мәселелерді талқылаудың ең ірі алаңдарының бірі Алматыда өткен KazHackStan 2025 форумы болды. Іс-шараға мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар қатысты. Форум барысында ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Үмітжан Арықбекова атап өткендей, киберқауіпсіздік бүгінде тек негізгі цифрлық жобаларды қорғау ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік егемендікті және дипломатияны нығайтудың құралы болып отыр. «Қазақстан көрші елдермен белсенді ынтымақтастық орнатып, атқарылған жұмыстың тиімділігін растап келеді. БҰҰ рейтингі бойынша Қазақстан халықаралық стандарттың 90%-дан астамын орындап отырған мемлекеттердің қатарында. Бүгінде еліміз ТМД мен Орталық Азияда көшбасшы орынға ие», — деп атап өтті ол.
Адамдар технологияларды саналы және қауіпсіз қолдануға, ақпаратты сүзгіден өткізуге, күмәнді сілтемелер мен қоңыраулардан аулақ болуға машықтанып келеді. Ақпараттық гигиена мен қауіпсіздік саласындағы білім де арта түсуде, ал, осы ретте тәжірибеде дәлелденген сапалы техникалық шешімдерге деген сенімді ұлғайту да маңызды — бұл олардың артықшылықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Фото: авторлық иллюстрация.
Қауіпсіз әрі, сенімді өмір сүру — әрбір цифрлық із қорғалғанда ғана мүмкін. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер туралы деректер, жеке мәліметтер, сондай-ақ цифрлық жүйелердегі аккаунттардың логиндері мен құпия сөздері ақылды қаланың инфрақұрылымындағы заманауи технологиялар арқылы сенімді түрде қорғалады. Киберқорғаусыз болашақтың қаласын елестету мүмкін емес — ол әрбір цифрлық қадамның қауіпсіздігін сақтайтын қалқанға айналып, тұрғындардың тыныштығына кепіл болады.
Сенім архитектурасы: шешімдерді біріктірудегі платформалардың рөлі
Интеграциялық платформалық шешімдер қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Олар бытыраңқы жүйелерді бірыңғай басқарылатын экожүйеге біріктіріп, келесідей мүмкіндіктерге жол ашады:
- жеке, мінез-құлықтық және техникалық деректер ағындарын, сондай-ақ цифрлық ортадағы оқиғаларды орталықтандырылған түрде бақылауға;
• инциденттерге жедел әрекет етуге;
• киберқауіптерді ерте кезеңде анықтап, бұғаттауға;
• құпия ақпаратқа қолжетімділікті басқаруға;
• қалалық инфрақұрылымның сындарлы элементтерін қорғауға.
Мұндай платформаларсыз шын мәнінде қауіпсіз цифрлық қаланы құру мүмкін емес.
Қазақстан Президенті өзінің соңғы Жолдауында Smart City тұжырымдамасын кеңейту, халықаралық тәжірибені енгізу және білікті мамандарды тартудың маңыздылығына тоқталып, шетелдік және отандық шешімдерді біріктірудің өзектілігін ерекше көрсетті.
Ақылды қалаларға арналған киберқорғау саласындағы халықаралық жетекші ойыншылардың қатарында Palo Alto Networks, Cisco, Fortinet, сондай-ақ қалалық өмірдің негізгі салаларын кешенді автоматтандыруға арналған әмбебап интеграциялық платформа INTEGRA-ны ұсынатын INTEGRA CITY компаниясы да бар. Платформа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, шекара күзеті және инфрақұрылым салаларындағы процестерді қамтиды; «ақылды қала» және «қауіпсіз қала» жүйелерін басқарады; сыртқы шешімдерді біріктіреді; жоғары деңгейдегі қорғанысты және жергілікті реттеулерге сәйкестікті қамтамасыз етеді. Болашақта бұл платформа Қазақстанның өңірлік жобаларына интеграциялануы мүмкін.
«Біз пайдаланушылардың жеке деректерін сақтамаймыз және үшінші тұлғаларға бермейміз, бұл біз үшін аса маңызды. Барлық ақпарат осы шешімдер әзірленетін уәкілетті органдардың бақылауында қалады. Қазақстанда киберқорғау тақырыбы қарқынды дамып келеді, және біз цифрлық сындарды, деректер мен қалалық инфрақұрылымның қауіпсіздігін басқару жолында сенімді құралдар мен технологиялық платформаны ұсынуға дайынбыз. Әрбір пайдаланушының құпиялылығын сақтау — біздің басты қағидамыз», — дейді INTEGRA CITY компаниялар тобы Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы Павел Лоран.

Фото: Павел Лоран, INTEGRA CITY компаниялар тобы Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы.
Ақылды қалаларда әрбір сенсор, камера мен хабарлағыш — тұрғындар туралы маңызды деректерді қамтитын бірыңғай жүйенің элементтері. Егер киберқауіпсіздік тұрақты болмаса, мұндай жүйе осал буынға айналады. Сондықтан киберқауіпсіздік — ақылды қалалардың болашағы мен тұрақтылығының негізгі факторы.
Қазіргі заманғы цифрлық платформалар тек техникалық инфрақұрылым ғана емес, азаматтар, бизнес және мемлекет қауіпсіз жағдайда өзара әрекеттесетін ортаны, дәлірек айтқанда, сенім архитектурасын қалыптастырады. Бұл — болашақтың іргетасы, онда технологиялар әрбір адамның игілігі мен қауіпсіздігі үшін қызмет етеді.
Abai.kz