"СК-Фармация" компаниясына қатысты тергеу басталды ма?

Бұл сұраққа Сенат кулуарында ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов жауап берді.
БАҚ өкілдері "СК-Фармация" компаниясына қатысты тергеу жүріп жатыр ма? деп нақтылады.
- Иә, бюджеттен қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген. Тергеу амалдары жүріп жатыр, бірақ тергеу құпиясына байланысты егжей-тегжейлі ақпарат берілмейді, - деді ҚМА өкілі.
Айта кетейік, "СК-Фармация" бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген еді.
Abai.kz