Бейсенбі, 16 Қазан 2025
Жаңалықтар 169 0 пікір 16 Қазан, 2025 сағат 14:57

Трамп: Үндістан Ресей мұнайынан бас тартады

Сурет: afk.kz сайтынан алынды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің Ресейден мұнай сатып алуды тоқтататынын уәде еткенін айтты. Ол бұл шешім жақында жүзеге асуы мүмкін деп отыр.

«Маған Үндістанның ресейлік мұнайды сатып алып жатқаны ұнамады. Моди бүгін олардың Ресейден мұнай алмайтынын мәлімдеді», - деді Ақ үй басшысы.

Трамп мұны үлкен қадам деп атады. Енді ол Қытайдан да осындай жауап күтіп отыр. 2025 жылдың сәуірінде Үндістанға Ресейден мұнай жеткізілімдері тәулігіне шамамен 2,15 миллион баррельге дейін өскені хабарланған. Reuters агенттігі Ресей Үндістанның басты мұнай жеткізуші ел екенін жазған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 910
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10134