Әжуа болған Ресей. Рюттенің тілі ащы...

НАТО-ның Бас хатшыларының қай-қайсы да мінезді боп келеді. Әлемдегі ең ірі, ең қуатты әскери альянс саналады. Қару-жарағы да, әскери бюджеті де, әскер саны да, техникасы да түгел альянс. Оны басқаратын адам да осал болмауы заңдылық.
Қазір НАТО тізгіні Марк Рюттенің қолында. Осы Рютте Ресейді жан-тәнімен жек көретін адам. Ол НАТО-ны тізгіндемей тұрып-ақ, Ресейге қарсы өткір сындар айтып, Украинаға көптеп қару-жарақ беру бастамасын қолдаған.
Ал НАТО-ны басқарғалы-бері Ресейдің түрлі лауазымдағы саясаткерлері мен әскери тұлғаларын ашық мазақтап, әлем алдында әжуалап жүр. Солардың бірсыпырасын қараңыздар:
РЕСЕЙЛІК ҰШҚЫШТАР МЕН КАПИДАНДАР – ЕБЕДЕЙСІЗ!
Өткенде Ресейдің «Новороссискі» деген суңгуір кемесі Еуропа мен НАТО аумағын барлауға шығып, орта жолда бұзылып, ақыры Франция жағалауынан бірақ-шыққан. Соңында оны НАТО кемелерінің бақылауымен, сүйреп әкеткен.
Сонда Рютте: «Том Клэнсидің «Қызыл қазанға аңшылық» атты 1984 жылғы романымен бұл жайтты салыстыруға келмес. Қазір бұл көрініс жақын жердегі механикке аңшылыққа көбірек ұқсайды», - деді Рютте.
Клэнсидің романында Кеңес әскеріне тиесілі сүңгуір қайықтың командирі АҚШ-қа қашуды ойлайды. Роман сүңгуір қайыққа қатысты жазылған еді.
Ал Рютте қазіргі ресейлік сүңгуір қайықтың кейпін мысқылдап: «Ол сынған күйі, үйіне әрең қайтып барады. Жалпы Ресей әскерін әсіре бағалаудың керегі жоқ. Ресейлік ұшқыштар ұшақты дұрыс басқара алмайды. Ал кемелері дұрыстап зәкір тастай алмайды», - деп мазақтады.
МЕДИНСКИЙ МЕН ЛАВРОВТЫ МАЗАҚТАУ
Түркияда биыл өткен Украина-Ресей келіссөздеріне Мәскеу бас келіссөзші етіп Владимир Мединский деген ортаңқол тарихшыны жіберген. Ол келіп, бәлду-бәлду былшылын айтып кеткен.
Сонда Рютте: «Ресей әлем көз тіккен ең маңызды кездесуге қайдағы-бір тарихшысымақты жіберіпті. Ол келіп өзі 1250 жылғы бірдеңелерді айтып жүр», - деп күлкі еткен.
Рюттенің келемежіне айналғандардың бірі Ресейдің СІМ басшысы Сергей Лавров. Бір жолы Рютте: «Лавров деген – Иса Мәсіхтің кезінен бері Ресейдің Сыртқы істер министрі болып келеді. Содан бері оның аузынан дені дұрыс сөз шыққан жоқ», - деді.
Тағы бірде: «Лавровтың сөздеріне көп назар аудара бермеген жөн. Ол НАТО күйрейді деп сөйлеген. Керісінше, НАТО қазір кеңейіп, қорғаныс бюджетін еселеп жатыр. Сондықтан, оныкі боссөз», - деген.
Тағы бірде: «Мен Лавровты б.з.д. динозаврлар кезінен келе жатқанын саясаткер екенін білемін», - деп күлді.
Қазірге еске түскендері осы.
Abai.kz