Бейсенбі, 23 Қазан 2025
Жаңалықтар 319 0 пікір 20 Қазан, 2025 сағат 22:42

Әрбір баланың өмірін сақтап қалу үшін бірігіп әрекет ету керекпіз!

Суреттер: abai.kz және qazdauiri.kz сайттарынан алынды.

Жасырары жоқ, бүгіндгідей жаһандану процестерінен туындаған ақпараттар легінің еселеп өсуіне байланысты, елімізде кәмелетке толмағандар арасындағы суицид проблемасы өткір де өзекті мәселеге айналып отыр.

Бұл термин бүгінде - жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтын алдын-алу мәселелері деп аталады.  Мемлекет тарапынан жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтын алдын-алу бойынша бірқатар шаралар қолға алынған.

Десе де, Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева: «Мұндай қасіретті оқиғаларға себеп болатын негізгі мәселелердің қатарына: жалғыздықты, ата-аналарымен, туыстарымен, құрдастарымен қарым-қатынастың күрделілігін, буллингті, қорқытып-үркітуді және әлеуметтік желінің ауқымды ақпараттар легін жатқызамыз», – дейді.

Біз осы мәселе жөнінде маман пікірін білу үшін мектеп психологы Жамилия Ходжаева ханымға хабарластық...

Жамилия Ходжаева, мектеп психологы:

– Қазіргі қоғамда балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық мәселесі алаңдатарлық деңгейге жетіп отыр. Бұл құбылыстың артында көбіне жалғыздық сезімі, түсінбеушілік, ата-анамен немесе қатарластарымен қарым-қатынастың бұзылуы сияқты психологиялық және әлеуметтік себептер жатады.

Жасөспірім кезең – тұлғаның өзін іздеу, өзін-өзі тану кезеңі. Осы уақытта кез келген сөз, қылық немесе назарсыздық бала психикасына ауыр әсер етуі мүмкін. Сол себепті мектеп психологтары, мұғалімдер және ата-аналар баланың ішкі дүниесін түсінуге тырысып, оған сенім мен қолдау көрсетуі қажет.

Қайғылы жағдайдың алдын алу шараларына мыналар жатады:

- Оқушылардың эмоционалдық жағдайын тұрақты бақылау;

- Мектепте психологиялық тренингтер өткізу;

- «Сенім телефоны» мен «Сенім жәшігін» ұйымдастыру;

- Әр баламен жеке әңгіме жүргізу және отбасы мен мектептің бірлескен әрекеті.

Балаға махаббат пен қамқорлық көрсету – ең тиімді профилактика. Егер бала өзін қажет екенін сезінсе, қиындықты жеңуге күші де артады. Суицидтің алдын алу – тек психологтың немесе мұғалімнің ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әрбір баланың өмірі — баға жетпес қазына, оны сақтап қалу үшін бәріміз бірігіп әрекет етуіміз керек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1050
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10424