Бейсенбі, 23 Қазан 2025
Жаңалықтар 824 0 пікір 23 Қазан, 2025 сағат 13:17

Республикалық «Елім дегендер» шығармашылық байқауның жеңімпаздары анықталды

22 қазан, Астана қаласы, Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Республика күні қарсаңына ұйымдастырылған өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған «Елім дегендер» республикалық шығармашылық байқауының финалдық кезеңі өтті.

(Сурет:Ұйымдастырушылардан алынды )

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, жастар арасында ынтымақ пен достықты дәріптеу және қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыру.

Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен келген 14-35 жас аралығындағы талантты жастар қатысып, өз өнерлерін қазақ тілінде көрсетті. Қатысушылар халық әндерін орындап, көркемсөз оқып, эссе жазу номинациялары бойынша бақ сынасты. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталған еді.

Жалпы жүлде қоры – 3 000 000 теңге.

 

Байқау жеңімпаздары:

«Халық әндерін орындау» номинациясы бойынша: 1 орын жүлдегері

Шымкент қаласынан келген – Ирисметов Акрам Бахрамұлы. 2 орынды

Титова Эвелина Андреевна, Көкшетау қаласы және елордалық Шамсутдинов

Галым Фаритович иеленді. Ал 3 орындарды Петропавл қаласынан келген

Аракелова Ангелина Александровна, Көкшетау қаласынан Гаврилова

Аделина Вячеславовна және Ақтөбе қаласының намысын қорғаған Юрченко Кирилл Игоревич иеленді.

 

«Көркемсөз өнері» номинациясы бойынша: 1 орын жүлдегері

Асанова Мархаба, Жаркент қаласы, Қызылорда қаласынан келген Пак Мария

Владимировна және Тараз қаласынан келген Алеханова Мухаббат Бахытовна 2 орын иегері атанды. Өз кезегінде 3 орындарды Қарағанды облысынан Горизанов Владислав Владимирович, Түркістан облысынан Юнусметов Жасар және Павлодар қаласынан Ерёменко Константин Антонович иеленді.

«Эссе жазу» номинациясы бойынша: 1 орын жүлдегері Павлодар қаласынан келген Рахматуллина Алсу, ал 2 орын иегерлері: Алматы облысы Ушурбакиева Аида мен Жаркент қаласынан келген Хасанова Айнура. 3 орынды Сетракова Ульяна, Қызылорла облысы, Астана қаласынан Борисенко Евангелина және Григорьев Алан қанжығасына байлады. Байқау қатысушыларының өнері мемлекеттік тілдің этносаралық татулық пен бірлікті нығайтудағы маңызын айқын көрсетті.

Айта кетейік, «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1057
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10448