Орталық Азия – АҚШ саммиті: Сыртқы саясаттағы маңызды қадам
Қарашаның алғашқы аптасында Вашингтонда алқа-қотан жиын өтеді. Ол жиын – Орталық Азия – АҚШ саммиті.
Ақорданың баспасөз қызметі: «Президент Тоқаев 6 қараша күні Вашингтонда өтетін «Орталық Азия – АҚШ» форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін Президент Дональд Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады», - деп хабарлады.
Президент Тоқаевтың айтуынша, президент Трамптың бұл бастамасы дер уағында көтеріліріп отырған бастама.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі мақсаттарын, атап айтқанда, ақыл-парасатқа негізделген дәстүрлі құндылықтарға беріктігін, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға ұмтылысын қолдайды», - деді Ақорда.
Мұндай шақыртулар Орталық Азияның өзге елдеріне де (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстан) жіберілген. Ал бұл саммиттің қарсаңында АҚШ президентінің Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серхио Гор Орталық Азия елдеріне сараплап шықты.
Осының алдында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда өтетін маңызды жиынға Әзірбайжанның да қатысуын ұсынған болатын.
«Орталық Азия + 1» форматы – бұл жаһандық геосаяси турбуленттілік жағдайында Орталық Азия елдерінің транзиттік-логистикалық потенциалын аша түскен ауқымды жоба. Осыған дейін бұл форматты Ресей, Қытай, Түркия, ЕО, Германия, Франция, Оңтүстік Корей мен АҚШ секілді елдер белсенді қолдана бастаған.
Геосаяси алағай да бұлағай кезеңде әлемнің алпауыт елдері Орталық Азия елдерімен әріптестікті дамытуғ,а ерекше назар бұруда. Ал Орталық Азияның драйвері саналатын Қазақстан үшін бұл айтарлықтай мүмкіндік. «Саясат – қолдан келгенді жасай білу өнері» десек, ендеше бұл мүмкіндікті Қазақстан басшылығы ел мүддесіне ұтымды пайдалануы керек-ақ!
Abai.kz