Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1453 0 пікір 28 Қазан, 2025 сағат 16:34

Санкция: «Лукойл» компаниясы шетелдегі активтерін сатады

Сурет: rbc.ru сайтынан алынды.

Ресейдің «Лукойл» мұнай компаниясы шетелдегі активтерін сататынын мәлімдеді. Бұған компанияның санкцияға ілінуі түрткі болған, деп хабарлайды Ulysmedia.

«Лукойл» меншігінде штаб-пәтері Женевада орналасқан трейдер, Румыния мен Болгариядағы мұнай өңдеу зауыттары және Нидерландыдағы мұнай өңдеу зауытының үлесі бар.

Ресейден бөлек, компанияның Еуроодақ, Грузия, Балқан елдерін қамтитын 2,5 мың жанармай бекетінен тұратын желіге иелік етеді. «Лукойл» активіне Ирактағы газды барлау және өңдеумен айналысатын мекеме кіреді. Бұдан бөлек, ресейлік мұнай компаниясы Қазақстан, Өзбекстан, Конго және Мексика елдерінде өндіру жобаларына қатысады.

22-қазанда АҚШ ресейлік «Лукойл» және «Роснефть» компанияларын және олардың еншілес құрылымдарын санкция тізіміне қосқан. Санкция талабы бойынша, бұл компаниялармен 22 қарашаға дейін келісім-шарт жасасуға болады, бірақ алынған ақша бұғатталған есепшотқа аударылуы керек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1413
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2990
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1059
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 993