Сәрсенбі, 29 Қазан 2025
Қоғам 473 0 пікір 18 Қазан, 2025 сағат 21:07

Ана мен баланың мүддесі мен құқығын аяққа тапталмайды

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың желтоқсанында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңдарға өзгерістер енгізуді міндеттеген болатын. Мемлекет басшысы қылмыстық заңнаманы қатайтып, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімше құруды тапсырды.

2024 жылы 3 қаңтарда берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды қолдайтынын тілге тиек етті.

Мемлекет басшысы аталған сұхбатында «Сонымен қатар, егер қоғамда агрессия мен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне толықтай қарсы тұру, "нөлдік төзімділік" болмаса, кез келген заңнамалық өзгерістер тиімді болмайтынын түсіну маңызды... Біз деструктивті, қоғамға қарсы мінез-құлықты ақтайтын кез келген әрекетке бірлесіп қарсы тұруға, құқықтық нигилизмге қарсы күресуге тиіспіз. Заңсыздық пен қатыгездікке қарсы шешімді және бірауыздан әрекет ету керек. Біз қоғам ретінде нормалар мен ережелердің кез келген бұзылуын, жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтемеуді жоққа шығаруымыз керек», - деп мәлімдеді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтарын қорғауды және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне әрқашан басым назар аударып келеді. Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты ымырасыз күрес жүргізу қажет әлеуметтік кемшіліктердің бірі ретінде сөз етіп, қоғам назарына ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2019 жылдан бастап әйелдер мен балаларға жыныстық тиіспеушілікке, адам саудасына қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. ІІМ құрылымында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер құрылды.

Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға бағытталған. Оның қабылдануымен әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көріністері үшін жауапкершілікті қатаңдататын нормалар енгізілді. Ол отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы ұрып-соғуды және тіпті денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруді криминалдайды. Яғни, заң әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты кез келген әрекетті жасаған адамдардың жасаған қылмысы үшін толық жауапкершіліктен құтылу мүмкіндігін жоққа шығарады. Мысалы, бұрын ұрып-соққаны үшін тек бірінші рет жазбаша ескерту қарастырылған.

Екінші рет қол көтерсе, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу қаупі төніп тұр. Егер бір жыл ішінде ұрып-соғу қайталанса, онда қамауға алу 20 тәулікке созылады. Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін бірінші рет ескерту не 15 тәулікке қамауға алынатын болды.

Бұрын бұл ретте жылына бір рет тараптардың татуласуына рұқсат етілсе, енді Жаңа заң бойынша әйелдер мен балаларға бірнеше рет ұрып-соғу және денсаулығына зиян келтіру кезінде татуласу көзделмеген. «Ауруын жасырған адам арам өледі» деген мақал бар. Біз бұл қоғамдық ауруды жасырмай, ол туралы ашық айтуға тиіспіз. Біздің азаматтар өздерін үйден тыс жерлерде де қауіпсіз сезінулері керек. Заң мен тәртіп қатаң сақталуы тиіс. Бізге қоғамға қауіп төндіретін кеселдермен бірігіп күресу қажет.

Кең ауқымда ауыз толтыра сөз ететін болсақ, бұл Заң әрбір бала мен әйел үшін жеңіс! 2024 жылы  Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарын қорғауды және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды. Әрбір түзетуді зорлық-зомбылық салдарынан қаза тапқан бала мен әйелдің есімімен атауға болады. Балалық шақ бақытты әрі қауіпсіз болуы тиіс. Бұл заң - осы мақсатты жүзеге асыруға жасалған үлкен қадам болып табылады.

Заң Президенттің 2023 жылғы қыркүйектегі Жолдауында көрсетілген балалар мен әйелдерді қорғау жөніндегі қағидатты ұстанымының арқасында қабылданды. Заң жобасымен жұмыс 2023 жылғы маусымда мемлекеттік органдармен, Президент Әкімшілігімен бірлесіп, мемлекеттік кеңесшінің тікелей қолдауымен, Ұлттық құрылтай мүшелерінің, ұлттық комиссияның, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, сарапшылардың және ҮЕҰ-ның қатысуымен басталды.

Заңда отбасыларға, балаларға көмек көрсету инфрақұрылымын, алдын алу құралдарын құруға, сондай-ақ балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаны қатаңдатуға, зорлық-зомбылықты қылмыс деп бағалауға бағытталған 70-тен астам түзету бар. Заң жобасымен жұмыс ҮЕҰ ұсыныстарын, күш-жігерін, құқық қорғаушыларды, қоғам қайраткерлерін біріктірді және олардың әрқайсысының ескертпесі мен түзетулері қаперге алынды.

Заң қабылданар алында Мемлекет басшысы:

«Мұндай қылмыстардың алдын алып, жолын кесу үшін менің тапсырмаммен нақты шаралар қабылдануда. Әйелдер мен балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарды тергеумен әйел тергеушілер айналысатын болды. Сондай-ақ ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаумен шұғылданатын мамандардың штаты қалпына келтіріліп, олардың құзыреті күшейтілді»-деген болатын.

Енді қабылданған Заң ана мен баланың мүддесі мен құқығын молынан қорғайтын болды.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1223
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10758