Жұма, 31 Қазан 2025
Жаңалықтар 2098 0 пікір 31 Қазан, 2025 сағат 15:01

Қытай өз ғарышкерлерін Айға ұшырмақ

Сурет: habr.com сайтынан алынды.

Қытай билігі 2030 жылға дейін ғарышкерлердің Ай бетіне қонуын қамтамасыз етуді мақсат тұтып отыр. Бұл бағытта ел Ай миссиясына арналған қанатқақты қарқынды ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарын жүргізіп жатыр,  деп хабарлайды Синьхуа.

Қытайдың қанатқақты ғарыштық бағдарламалар басқармасының (CMSA) мәліметінше, алдағы маңызды сынақтардың қатарына «Ланьюэ» қону модулінің кешенді сынақтары, «Мэнчжоу» ғарыш кемесіне арналған жылу және аэродинамикалық қысым сынақтары, сондай-ақ «Чанчжэн-10» (Long March-10) зымыранының төмен биіктіктегі және бақылау ұшулары кіреді.

«CMSA ресми өкілі Чжан Цзинбоның айтуынша, келесі жылы өтетін қоғамдық логотип байқауы «Мэнчжоу-1» ғарыш кемесі миссиясына және Қытайдың ғарыш станциясына қатысты жобаларға арналмақ. «Мэнчжоу-1» негізінен Ай миссияларына, сонымен қатар жер маңындағы орбитадағы ғарыш станциясының жұмысына қолдау көрсетуге арналған», деп жазды Синьхуа.

Чжан Цзинбоның мәлімдеуінше, пилотты Ай миссиясына қатысты барлық жобалау және құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сай жүріп жатыр. «Чанчжэн-10» зымыран тасығышы, «Мэнчжоу» ғарыш кемесі, «Ланьюэ» қону модулі, «Ванъюй» Ай скафандры және Айда жүретін «Таньсо» техникасы сияқты негізгі ұшу жабдықтарының жобалары дайындалған.

Сондай-ақ ғылыми зерттеу және тәжірибелік қолдануға арналған пайдалы жүктемелердің жобалануы аяқталған. Ал жердегі инфрақұрылым — ұшыру алаңы, бақылау желісі мен қону алаңдарының құрылысы жедел қарқынмен жүргізіліп жатыр.

Синьхуаның хабарлауынша, биыл бірнеше сынақ сәтті өттар өткен екен. Ал Чжан Цзинбо көптеген жаңа технологиялардың әлі де сынақтан өткізіліп, қолдануға жарамдылығы тексерілуі тиіс екенін атап өткен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1311
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10878