Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1224 0 пікір 3 Қараша, 2025 сағат 16:13

Алматы: Дабыл жүйесіне жауапты шенеуніктер сотталды

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Алматы қаласында 2024 жылғы 23 қаңтардағы жер сілкінісі кезінде ерте ескерту жүйесі істемей қалғаны үшін бірнеше шенеунікке сот үкімі шықты.

Тергеу барысында TNS-INTEC ЖШС директоры сапасыз жабдық орнатып, бюджет қаражатын жымқырғаны анықталған.

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаменті басшысының үш орынбасары мен техникалық қадағалау өкілдері жүйені қабылдау кезінде немқұрайлық танытқаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот шешімімен олар бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұловтың мәліметінше, істен шыққан дабыл жүйесіне бюджеттен 1,1 миллиард теңге бөлінген.

Бұл оқиға Алматыдағы жер сілкінісі кезінде қаланың қауіпсіздік жүйелеріндегі олқылықтарды айқын көрсеткен болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1285
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2837
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 939
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 880