Сенбі, 8 Қараша 2025
Жаңалықтар 306 0 пікір 7 Қараша, 2025 сағат 14:57

Зейнетақы жинағы: Баспана сатуға шектеу қойылмайды

Сурет: Sputnik Қазақстан сайтынан алынды.

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын бұрынғыдай тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана алады.

"Отбасы банк" мәліметінше, зейнетақы төлемдерімен алынған пәтерлердің кейбірі қысқа уақыт ішінде бірнеше рет қайта сатылған.

Әр сатып алушы тұрғын үйді алу үшін өзінің зейнетақы жинағын пайдаланған. Бұл жағдай нарықтағы баға мен қаражаттың мақсатсыз жұмсалу қаупін арттырған.

Осыған байланысты банк зейнетақы қаражатына алынған баспананы тек бес жылдан кейін сату жөнінде шектеу енгізуді ұсынған. Алайда бұл ұсыныс қолдау таппады.

Себебі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай мүлік шектеу қойылатын санатқа кірмейді, сондықтан азаматтар өз баспанасын қалаған уақытта сата алады.

Abai.kz

0 пікір