Сейсенбі, 11 Қараша 2025
Асқанға - тосқан 208 0 пікір 11 Қараша, 2025 сағат 15:05

«Хутор» ісі: Хасан Қасымбаев 12 жылға сотталды...

Сурет: adyrna.kz сайтынан алынды.

Талғар аудандық соты атышулы іс бойынша үкім шығарды.

Талғар аудандық соты «Хутор» бандасының бастығы депе сипатталған Хасан Қасымбаевты адам ұрлау, ауыр дене жарақатын келтіру және бопсалау ісі бойынша кінәлі деп танып, 12 жылға орта қауіпсіздігі бар мекемеде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Бұл іс бойынша барлығы 6 адам сот алдында жауап берді. Олар: Хасан Қасымбаев, Руслан Алиев, Мадияр Калимжанов, Сайлау Актанов, Нұрмұхамбет Сұлтанбеков және Данияр Аскаров. Оларға да сол сияқты баптар бойынша 8-ден 22 жылға дейінгі мерзімге сот үкімі шықты.

Сот соңында Қасымбаев өзін кінәлі деп санамайтынынын мәлімдеді. Алайда сот оның өтінішін қабылдамады.

Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін белгілі болды. Хасан Қасымбаев Талғарда «Хутор» тобының басшысы деп аталады. Алайда бұл топтың ресми түрде тіркелгені немесе бар екені дәлелденген жоқ. ҚР ІІМ және прокуратура өкілдері 2024 жылы бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Іс материалы бойынша, 2021 жылы жазда Талғарда күдіктілер ұрыс өнері бойынша жаттықтырушы Арман Әлімовқа шабуыл жасап, оны Кендала ауылының шетіне апарып, соққыға жыққан. Қылмыстың себебі – Әлімовтың «Қасымбаев мен үшін авторитет емес» деген сөзі деп көрсетілген. Сонымен қатар, Қасымбаев кәсіпкер Әріпжан Тәжиевтен бір миллион теңге талап етіп, оны соққыға жыққан.

Abai.kz

0 пікір