АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаун аяқталды
Алдағы екі айдың бюджет жобасын өкілдер палатасының 222 мүшесі қолдады. Оның мақұлдануы үшін 433-тен кемінде 217 дауыс керек болған.
Залда палатаның төрт мүшесі жоқ болғандықтан бұл көрсеткіш 215 болып қалған. Бюджет жобасын 216 республикашылмен қатар, тағы алты демократ қолдады. Енді бюджетке президент Дональд Трамп қол қоюы керек. Ол оған жақын арада қол қоятынын айтты.
Осылайша АҚШ тарихындағы ең ұзақ – 42 күндік шатдаун аяқталады. Осыдан кейін үкімет жұмысын қайта жалғастырмақ. Бұған дейінгі рекорд та Трамптың бірінші мерзімі кезінде болған еді.
Abai.kz