Дүйсенбі, 24 Қараша 2025
Аласапыран 158 0 пікір 24 Қараша, 2025 сағат 15:49

Трампқа жауап: Еуропаның 24 тармағы...

Сурет: Әлеуметтік желіден алынды.

The Telegraph басылымы ЕО әзірлеген бейбітшілік келісімін жариялады. Ол 24 тармақтан тұрады.

Не жазылған, қараңыздар:

1) Соғысты дереу тоқтату, шабуылдың қайталанбауы үшін кепілдік беретін келісім жасасу. Бұл келісум тұрақты да қауіпсіз бейбітшілікті орнатуға негіз болады.

2) Қос тарап та әуеде, жерде және теңізде еш талқысыз және даусыз ұрысты тоқтатады және ұрысты тоқтату режимін қатаң сақтайды.

3) Қос тарап та ұрысты тоқтату режимін бақылайтын мониторинг тобын құру бойынша келіссөздерді дереу бастайды. Мониторингке АҚШ пен Еуропа елдері қатысады.

4) Ұрысты тоқтату бойынша мониторингке жауапты Халықаралық топты АҚШ басқарады және бақылайды. Мониторинг жерде және спутниктік бақылау арқылы ғарыштан жасалады.

5) Тарап ар бір-бірінің ұрысты тоқтату режимін бұзған-бұзбағаны жайлы жедел ақпарат алып, тарату үшін арнайы ортақ механизм әзірленеді. Сол арқылы жағдайды реттеп, басқарып отыруға мүмкінжік жасалады.

6) Ресей Украинадан алып кеткен барлық балаларды толық қайтарады. Бұған Халықаралық миссия бақылаушылық жасайды, іске асыруға атсалысады.

7) Қос тарап “барлығына барлығы” форматында әскери тұтқындар алмасады. Ресей тұтқынға алынған барлық қарапайым адамдарды қайтарады.

8)Ұрысты тоқтату режимі тұрақты орнатылған соң, тараптар гуманитарлық көмек беру жұмыстарын ұйымдастырады. Соның ішінде бөлінген отбасылар мен туған-туыстар шекара сызығында қауышады (әркімнің қалауы бойынша).

9) Украина егемендігі құрметтеледі және расталады. Украина нейтралитет сақтауға міндеттелмейді.

10) Болашақ қандай да бір агрессияның алдын алу үшін Украинаға заңды қауіпсіздік кепілдігі беріледі. Ол НАТО-ның 5-ші келісімі секілді кепілдік болуы керек. Кепілдік беруші - АҚШ пен ЕО.

11) Украинаға әскери өндіріс, Халықаралық бірлескен әскери өндіріс пен әріптестік және әскер саны мен қару-жарақ түрлері бойныша ешқандай шектеу қойылмайды.

12) Кепілдік беруші мемлекеттер арнайя еуропалық және еуропалық емес елдерден арнайы топ құрады. Ал Украина өз аумағында қай елдердің әскери миссияларының болуы керектігін немесе болмауы керектігін өзі шешеді.

13) Украинаның НАТО-ға қосылу-қосылмауы туралы нақты шешімді альянс өз ішінде шешеді. Егер бірауызды қолдау болса қабылданады, болмаса қабылданбайды.

14) Украина ЕО мүшесі болады.

15) Украина ядролық қаруға ие болмайды және сондай міндеттеме арқалайды.

16) Территори мәселесі ұрыс қимылдары даусыз және толық тоқтатылғаннан соң ғана талқыланады.

17) Территория туралы келіссөздер қазіргі майдан сызығынан басталады.

18) Территория бойынша келісімге келге соң, қос тарап келісімді өздігінен бұзбауға міндеттеме алады.

19) Запорож АЭС-і Украинаға беріледі, бірақ оны АҚШ бақылайды. Сондай-ақ, Кахов СЭС-і Украинаға толық беріліп, жаңартылады.

20) Украина Днепр суларымен емін-еркін жүзуге мүмкіндік алады. Кинбурн аймағы Украина бақылауына өтеді.

21) Украина мен әріптестері өзара еш шектеусіз экономикалық байланыстарын жалғастырады.

22) Украина толық қалпына келтіріледі және өтемақы алады. Соның ішінде Ресейдің бұғатталған активтері есебінен.

23) 2014 жылдан бастап Ресейге салынған санкциялар біртіндеп алына бастайды. Ал Ресей келісімді бұзса, санкция қайта күшіне енеді.

24) Еуропалық қауіпсіздік архитектурасы бойынша бөлек келіссөздер басталады. Оған ЕЫҚҰ-ға мүше елдер түгел қатыса алады.

Тұздық: Қазір Женевада АҚШ пен Украинаның Ермак пен Рубио бастаған өкілдері Трамптың бейбітшілік жоспары бойынша келіссөздер өткізуде. Және қос тарап келіссөздердің жақсы өтіп жатқанын, бірсыпыра мәселе бойынша ортақ шешім тапқанын, түзетулер жасалатынын хабарлады.

Abai.kz

0 пікір