Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2026
Өзгеріс 443 0 пікір 28 Қыркүйек, 2026 сағат 13:19

Қазақ әскеріне қандай жаңару керек?

Сурет: dknews.kz / Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығынан алынды.

Жаңа технология, кадрлық трансформация және сарбаз өмірінің құны

Соңғы бес жылда 270 сарбаздың қаза табуы — бұл жай ғана статистика емес, жалпы ұлттық қасірет. Осы оқиғалардан кейін қорғаныс саласындағы басшылықтың ауысуы тек кадрлық ауыс-түйіс емес, тұтас әскери доктрина мен армияның ішкі философиясын қайта қарауға себеп болуы тиіс.

Мәселенің барша түп төркіні заманауи соғыс формасының өзгеруінде де, әскерді басқарудың адами және техникалық тәсілдерінде де жатыр.

Соғыс сипатының өзгеруі: Доктрина мен технологиялық реформа

Ресей-Украина қақтығысы көрсеткендей, XX ғасырдағы дәстүрлі соғыс тәсілдері (ауыр артиллерия, ұзын-сонар бронды техникалар колоннасы, танктер) өзінің бұрынғы тиімділігін жоғалтты. Бүгінгі таңда ұрыс даласын жасанды интеллект (ЖИ) пен ұшқышсыз ұшу аппараттары (Дрондар) билеп тұр.

Дрондар әскерін жеке күш ретінде бөлу: Асхат Қасенғали атап өткендей, Қазақстанға Құрлық, Әуе және Теңіз күштерінен бөлек, Дрондар әскерін жеке әскери құрылым ретінде қалыптастыру қажет. Бұл құрылым тек дрон сатып алумен шектелмей, отандық өндірісті дамытуды, радиоэлектронды күресті (РЭК) күшейтуді, роботты платформаларды енгізуді және мыңдаған кәсіби операторларды даярлауды қамтуы тиіс.

Тұрақты адаптация және талдау орталықтары: Жаңа технологиялар биылғы өзекті тәсілді келесі жылы жарамсыз етеді. Сол себепті, Украина мен НАТО тәжірибесіндегідей (JATEC сияқты), әрбір әскери жаттығудан кейін қателіктерді сараптап, заманауи соғыс тактикасын жүйелі түрде енгізіп отыратын аналитикалық орталықтар қажет.

Кадрлық идеология және басқару жүйесін «деколонизациялау»

Ержан Есімханов өз мақаласында әскерді басқарудағы ең басты дерт — советтік/ресейлік военщинаның консервативті идеологиясы «әскердегі әлімжеттілік» екенін ашық айтады.

Сарбаз өмірінің құндылығы: Әскери кадрларды даярлаудағы «адам материалы» ретінде қарау тәсілінен арылумыз керек. Сарбаз өмірін құнсыз санайтын жүйеден бас тартып, Батыс армияларындағыдай әрбір офицер мен сарбаздың өмірі мен қауіпсіздігін бірінші орынға қою — бас басты шарт.

Батыстық және заманауи білімді пайдалану: Батыстың үздік академияларын (West Point, Bundeswehr Command and Staff College, т.б.) бітіріп келген жергілікті мамандардың әлеуеті әлі күнге дейін дұрыс пайдаланылмай келеді. Оларға аудармашы емес, стратегиялық шешім қабылдайтын орындар берілуі тиіс. Әскерге жаңа көзқарас, «жаңа қан» және жас реформаторлар ауадай қажет.

Тотальді цифрландыру: Биюрократия мен жабық жүйені цифрлық бақылау арқылы жою — ішкі тәртіпсіздік пен «әлімжеттікті» (дедовщина) азайтудың басты тетігі.

Резервтік әскер және армияның беделі

Географиялық аумағымыз үлкен, ал халық саны шектеулі Қазақстан сияқты мемлекет үшін берік қорғаныстың негізі — шағын, бірақ жоғары технологиялы армия мен даярланған кәсіби резерв.

Скандинавиялық модель (Финляндия тәжірибесі): Резервтегі азаматтарды тек қағаз жүзінде тіркеп қою жеткіліксіз. Скандинав елдеріндегідей 40-тан асқан резервистерді де мезгіл-мезгіл жинап, заманауи дрондардан қорғануды, жаңа байланыс құралдарын және Аумақтық қорғаныс (тероборона) тактикасын үйрету керек.

Әскердің мәртебесін арттыру: Жастар үшін әскерге бару «бір жыл уақытты жоғалту» немесе өмірге қауіп төндіретін орта болмауы тиіс. Ол физикалық, кәсіби және азаматтық тұрғыдан өсетін трамплинге айналуы қажет.

Сөз түйіні: Қорғаныс министрінің ауысуы немесе арнайы комиссиялардың құрылуы — реформаның басы ғана. Қазақстан армиясы қағаз жүзіндегі есептерден, ескірген доктриналардан және адами капиталға неғұрлымсыз қараудан арылмаса, сыртқы қауіп-қатерлерге де, ішкі сенімсіздікке де қарсы тұра алмайды.

Бізге бүгін бізге керегі: Толық цифрландыру + Батыстық/заманауи білімі бар жас кадрлар + ЖИ мен дрондарға негізделген жаңа әскери доктрина. Мемлекеттің тірегі саналатын әскердегі жауапкершілік сөз жүзінде емес, іс жүзінде бірінші орынға шығуға тиіс.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1587
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3200
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1185
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1098