Жұма, 28 Қараша 2025
Жаңалықтар 83 0 пікір 28 Қараша, 2025 сағат 14:57

Салық кодексі: Жаңа жылдан бастап бизнеске қандай жеңілдік беріледі?

Сурет: Үкімет сайтынан алынды

Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2026 жылдың қаңтарынан бастап енгізілетін жаңа Салық кодексін түсіндірді.

Вице-министрдің айтуынша, шағын бизнес үшін декларация мен бөлшек салық режимдері біріктіріліп, бірыңғай режим жасалады. Бұл жаңа режим шағын кәсіпкерлікке арналған бірыңғай салық жүйесін қамтамасыз етеді.

  • Жылдық кіріс шегі – 600 мың АЕК немесе 2,4 миллиард теңге. Қызметкерлер саны бойынша шектеу жоқ.
  • Егер жылдық кіріс 24 000 АЕК-тен асып кетсе, салық салынатын табыс жалақы қоры сомасына азайтылады.
  • Бұл режимді қолданатын салық төлеушілер ҚҚС және әлеуметтік салық төлеуші болып есептелмейді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін жаңа жеңілдік режимі енгізіледі — біртұтас минималды төлем 4%.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес. Біртұтас төлем құрамына зейнетақы аударымдары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары кіреді, - деді ол.

Вице-министр атап өткендей, салық есеп беру формалары 30%-ға қысқарады, ал салық төлеушінің келісімі бойынша декларацияларды автоматты түрде толтыру мүмкіндігі қарастырылған.

Жоспарлы тексерулер толық жойылады, тек тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тексерулер жүргізіледі. Микро- және шағын бизнес үшін 2026 жылға дейінгі кезеңге салықтық тексерулер мен камералдық бақылау толығымен жойылды.

Сонымен қатар жер, көлік және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер 1 миллион теңгеден аз болса, есептеу жүргізілмейді.

Вице-министрдің айтуынша, сенімді салық төлеушілер үшін кепілсіз және банктік кепілдіксіз төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

Abai.kz

 

0 пікір