Жазғы дөңгелекпен көлік жүргізуге тыйым салынады
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен көлік жүргізуге тыйым салынады.
Ереже бұзған жүргізушілерге 5 айлық есептік көрсеткіш (19 660 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері 20 АЕК-ке (78 640 теңгеге) дейін өседі.
2026 жылдан бастап айыппұл көлемі де ұлғаяды, себебі АЕК мөлшері 4 325 теңгеге дейін көтеріледі. Бұл жағдайда алғашқы бұзушылық үшін айыппұл 21 625 теңге болады. Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес, 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін жазғы дөңгелектерді қолдануға тыйым салынған.
Бұл талап Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларында да көрсетілген және оны бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.
Abai.kz