Ғалым Қайыржан. Темекі құрлы құны жоқ қайранда менің тілім-ай
Қазан айының 9-шы жұлдызынан бастап, қоғамдық орындарда темекі тарттырмау жөніндегі талап күшіне енді. Солақ екен, жұрт жиналатын жер атаулының барлығында заң талабының орындалуын қадағалайтын топтар пайда болып, шылым шегетіндердің соңына шам алып түсті. Нәтижесі жаман емес. Барлық қоғамдық орындарда темекі тартатын арнайы орындар жасақталып, талапты орындамаған басшыларға 10 мен 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айып салынғалы жатыр.
«Тіл туралы» заңның қабылданғанына, міне, 20 жыл болды. Бірақ, сол заңда атап көрсетілген талапты орындамағаны үшін жазалы болған жанды кездестірдіңіз бе?! Себебі, шылымның иісінен жерінген биліктегілер үшін тіл темекіден маңызды емес. Сондықтанда олар «Тіл туралы» заңның орындалуын темекімен күрестегідей дәрежеге көтере алмай келеді. Өйткені, «Тіл туралы» заңның орындалуын дәл темекімен күрестегідей бақылайтын болса, дәл сондай талаптар қойса, бірінші кезекте өздерінің айыпты болып, сотқа тартыларын олар бек жақсы біледі.

Жалпы, «Тіл туралы» заңның талаптарын орындамайтындар қарапайым жандар емес, биліктегілер. Мәселен, менің мәңгілік Президентім орыс көсемі Путинмен галстуксіз кездескенде, оған түсінікті тілде сөйлескеніне мен қарсы емеспін. Бірақ, орыстың ең болмаса, біздің тіліміздің ұшына оралып тұратын боқтығынан хабарсыз арабтың шейхымен кездескенде, Ана тілін бір кісідей-ақ білетін адам ретінде неге туған тілінде сөйлемейді? Қазақ болып туғанына арлана ма?! Әлде, есіктегі басын төрге сүйреп, жекелеген жағымпаз өкілдері «шыбын жаның шыққанша тақтан түспеші» деп жалынып, жалпы жұрты жайылып жастық, иіліп төсек болып отырған ұлтты менсінбей ме?!
Темекіге қарсы науқан басталған күні Еңбек және әлуметтік сақтандыру вице-министрі «қалыптасқан дәстүрге үңілсек, бірінші басшысы темекі тартпайтын жерде оның қарамағында жұмыс жасайтындар да шылым шекпейді» деген «гениальный» жаңалық ашты. Егер, «Тіл туралы» заңға да тура осы тұрғыдан қарасақ, Президент қазақша сөйлесе... Біз бәріміз, әсіресе, «Нұр Отанға» мүше болып табылатын биліктегілер түгелімен, сол кісінің қарамағындағы жандар емеспіз бе?!
Кеше жұмысқа келе жатқанымда бір оқиғаның куәсі болдым. Бағдаршамда тұрған көліктің жүргізушісі терезесінен темекінің тұқылын сыртқа тастап жіберіп еді, артынан келе жатқан жол полициясының өкілі қуып барып тоқтатты да, темекісінің тұқылын тапталып қалған жерінен көтеруге мәжбүр етті. Шамасы, сонан соң протокол да толтырып тастады-ау, деймін.
Шіркін-ай, «Тіл туралы» заңды орындаттыруда да осылай жұмыстанар болсақ, қыруар қаржы шығындап, қанша жыл бойы құмға неткендей болған еңбегіміз жарты жылда-ақ жанар еді-ау. Бірақ, қиыны осынау іске қажетті саяси шешім болып тұр ғой. Ал, Саркозимен мұнай құбыры жайлы жасалған келісімнен соң орыстардың бізге оң қабақ таныта қоймайтынын ойласам, әл-әзір мұндай шешімнің қабылданарына күмәндімін. Сондықтанда, «темекі құрлы құны жоқ, қайранда менің тілім-ай» деп күйзелемін де...
«Қазақстан» апталығы. 15. 10. 2009