Трамп өзін Венесуэланың президенті деп жариялады
Трамп өзін Венесуэланың уақытша президенті деп жариялады. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
Мәлімдеме АҚШ әскерилері Венесуэланың қазіргі басшысы Николас Мадуроны ұрлап әкетті деген ақпараттан кейін жасалған. Осыдан соң АҚШ-тың қазіргі президенті Венесуэладағы жағдайды бақылауды енді америкалық билік пен жеке өз қолына алатынын хабарлаған.
Трамп Truth Social желісінде Wikipedia-дағы өмірбаяндық анықтама стилінде жасалған скриншот жариялап, онда өзіне «Венесуэланың уақытша президенті» деген жаңа қызметті көрсеткен. «Тағайындалған» күн ретінде 2026 жылдың қаңтары жазылған. Сонымен қатар, сол «профильде» ол АҚШ президенті ретіндегі қазіргі қызметін де сақтап қойған.
Abai.kz