Халыққа берілген қарыз көлемі 24,6 трлн теңгеге жетті
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстандағы банк секторының активтері 68,3 трлн теңгені құрады.
Ал халыққа берілген қарыз көлемі 24,6 трлн теңгеге жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қарыздың негізгі бөлігі тұтынушылық несиелерге тиесілі. Бұл бағыттағы берешек 16,6 трлн теңге болды. Ипотекалық несиелер көлемі 6,8 трлн теңгені құрайды.Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, 2025 жылғы қараша айының өзінде қазақстандықтарға берілген жаңа қарыз көлемі 1,6 трлн теңгеге жеткен.Сонымен қатар банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы қарашада 16,8%-ды, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 14,8%-ды құрады.
2025 жылғы қаңтар-қарашада банктердің таза пайдасы 2,5 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға артық.
Abai.kz