Жұма, 23 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 1047 0 пікір 23 Қаңтар, 2026 сағат 16:12

Серік Сәпиев кіммен төбелесті? Әкімдік не дейді?

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Қарағанды облысы әкімді Серік Сәпиевтің соққыға жығылуына байланысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта болған жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Әзірге Серік Сәпиевтің қатысуымен болған төбелестің өзі басқарып отырған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ғимаратында орын алған-алмағаны нақты белгісіз.

– Спорт басқармасының басшылығына қатысты тараған ақпаратқа байланысты хабарлаймыз: басқарма қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, тергеу жүргізілуде. Қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады, – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Abai.kz

0 пікір