БАӘ-дегі келіссөздер: Тараптар келісімге келді ме?
БАӘ-де Украина қақтығысын реттеу бойынша Ресей, АҚШ және Украина арасындағы үшжақты келіссөздер аяқталды. Екінші раунд үш сағаттан астам жалғасты. Владимир Зеленскийдің айтуынша, американдық тарап қақтығысты тоқтату параметрлерін бекітудің мүмкін форматтары және ол үшін қажетті қауіпсіздік шарттары туралы мәселелерді көтерді. Sky News басылымы келіссөздер Уашингтон ұсынған келісімнің шешілмеген элементтеріне негізделгенін анықтады.
Федерация Кеңесінің халықаралық істер жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Джабаров Абу-Дабидегі келіссөздердің тыныштық жағдайында өткеніне назар аударды.
"Бұл біз барлығын баспасөз арқылы емес, әсіресе украиндық арқылы білетінімізге қуаныштымыз. Ең бастысы келіссөздер жүргізілуі тиіс. Бұл оңды сәт. Біз мұны ескеруіміз керек", - деді сенатор.
БАӘ-дегі келіссөздерде тараптар неге қол жеткізді?
Axios агенттігіне америка шенеуніктері АҚШ, Ресей және Украинаның Әбу-Дабидегі үшжақты келіссөздері жемісті болды және алға жылжуға мүмкіндік берді, деп хабарлады.
Олардың айтуынша, тараптар негізгі мәселе - Украинаның шығысындағы аумақтық бақылау бойынша ұстанымдары бір келкілене бастады. Екі күн бойы Ресейдің Донбасс бойынша талаптары, Запорожье АЭС төңірегіндегі келіспеушіліктер және соғыстың аяқталғанын растайтын және оның қайта басталуын болдырмайтын деэскалация жөніндегі ықтимал қадамдар талқыланды.
Бір дереккөздің айтуынша, Путин жабық кездесу барысында дипломатиялық реттеуге мүдделі екенін мәлімдеген екен. Америка мәлімелегерлері талқылаулар үзіліссіз өткенін, тараптар бір-біріне құрметпен қарап, бітпес даудың шешімін бірлесе іздегендерін айтады. Дереккөздердің бағалауынша, келіссөздердің қорытындысы осы кезеңде барынша оң болды, ал Әбу-Дабидегі кездесу диалогтың келесі кезеңіне маңызды қадам ретінде қарастырылады.
Аты-жөндерін атамауды өтінген АҚШ-тың өкілдері тараптар Ресей мен Украина президенттерінің тікелей кездесуін ұйымдастыруға таяу екенін мәлімдеді. Келіссөздердің келесі раунды 1 ақпанда, сондай-ақ , ол тағы да Абу-Дабиде өтеді деп күтілуде.
Америка шенеунігі Axios-қа Абу-Дабидегі үшжақты келіссөздердегі прогресс туралы айтып берді.
"Барлығы талқыланды. Тараптардың ешқайсысы пікірталастардан басын ала қашқан жоқ. Біз бірде-бір мәселені талқылаусыз қалдырған жоқпыз және ешкімді күштеп көндіруге мәжбүр болған жоқпыз. Залда құрмет сезімі орнап, бәрі де шын пейілдерімен шешім іздеді.
Келіссөздердің екінші күнінің соңында үш команда бірге түскі асқа жиналды:
Бәрі дос сияқты көрінетін кез туып, мен үміт отының жанғанын сезіндім", - дейді.
АҚШ-тың басқа өкілі журналистерге кездесулер жақсы өткенін және Уашингтон да "қол жеткізген мәмілеге" риза екенін айтты
АҚШ, Ресей және Украинаның Әбу-Дабидегі үшжақты келіссөздері жемісті болды және алға жылжуға мүмкіндік берді, деп хабарлады Axios агенттігіне америка шенеуніктері бір ауыздан.
Abai.kz