Сейсенбі, 27 Қаңтар 2026
Аласапыран 193 0 пікір 27 Қаңтар, 2026 сағат 15:47

Мәскеудің қорқынышты түсі: 7 млн дрон…

Сурет: Usbanov ARNASY телеграм арнасынан алынды.

Украина Қорғаныс министрлігі:

– Ұшқышсыз аппараттар саласында Украина өз өндірісін күшейтуде. 2026 жылға қарай біз 7 миллионнан астам дрон шығаруды жоспарлап отыр. Ұшқышсыз технологиялар асимметриялық қорғаныстың негізіне һәм өзегіне айналды және қазір Ресейдің ішкері аумақтарына соққыларды сол дрондар арқылы жасаудамыз.

Біздің бұл өндірісіміз қазір 20 км-ге дейін тұрақты соққы және қорғаныс аймағын құруға мүмкіндік берді. Ендігі мақсат – бұл аймақты 100 шақырымға дейін кеңейту, - дейді.

Украина дрондары 2022 жылдан 2025 жылға дейін эксперименттік қолданыстан жаппай шабуылдың өзегіне дейінгі трансформациядан өтіп, қазір жеке “дрон армиясы” дейтін деңгейге жетті. Осы аралықта Украинаның дрон өндірісі 3 есеге өскен. Былтыр Украина барлаушы, соққылаушы, алысты соққылаушы, жақынды қорғаушы дрондардан ұзын-ырғасы 4,5 миллионын жасап шығарса, биыл бұл санды 7 миллионға жеткізбек, әне!

Украинада дрондардың түр-түрі бар. Өз өндірісі жолға қойылған. Украина әсіресе арзан FPV дрондарды күн сайын жаппай қолдануда. Одан басқа орта және алыс қашықтыққа соққы жасайтын дрондар аз емес.

Бұдан бөлек Украина әріптестерінен алған дрондар да баршылық. Солардың бірсыпырасы:

Түріктің әйдік “Bayraktar TB2-сінен” басқа Украинада қазірдің өзінде 1 мың шақырымға ұшып жететін “Tekever AR3” өзұшары бар екені айтылады. Америкалық “Switchblade 300” және “Switchblade 600” дрондары да Украина қолданысында.

Америкалық өндірістен - жақын қашықтықтағы қорғанысқа арналған “Phoenix Ghost”, барлауға арналған “Quantix Recon”, 60 шақырымды ататын “Puma”, ауыр салмақты “Bayraktar-ға” бәсекелесетін “MQ-9 Reaper” секілді дрондарды да алған.

Бұған қоса Украина жақында Франциядан 500 шақырымға соққы жасайтын “Rodeur” дрондарын алған.

Abai.kz

0 пікір