Жұма, 30 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 169 0 пікір 30 Қаңтар, 2026 сағат 14:20

Қай мамандықтарға сұраныс жоғары?

Сурет: inform.kz сайтынан алынды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі маман тапшылығы Қазақстанның қай өңірлерінде ерекше байқалғаны жайында түсінік берді.

- Бүгінде Электронды еңбек биржасы порталында жұмыс берушілерден 54,8 мыңға жуық бос жұмыс орны жарияланған. Оның ішінде, ең жоғары сұраныс ірі мегаполистерде, яғни Астана (7 мың), Алматы (5,1 мың) және Шымкент (1,8 мың) қалаларында тіркелді. Сондай-ақ Қостанай (4,2 мың), Павлодар (3,7 мың), Қарағанды (3,6 мың) және Шығыс Қазақстан (3,3 мың) облыстарында байқалды, - делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Осы орайда министрліктің негізгі жоғары сұранысы бар бағыттарды нақтылады. Мәселен, біліктілікті талап етпейтін салаларға 6,4 мың адам керек. Сонымен қатар білім саласына – 9,9 мыңға жуық, өндірісте – 6,2 мың, медицинада – 4,8 мың, көлік және логистикада - 3,3 мың, қаржы және есеп саласында 1,6 мыңға тарта маман қажет.

Abai.kz

0 пікір