Теннисші Заңғар Нұрланұлы тарихи жетістікке жетті!
Теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінде тарихи жетістікке жетті!
Қазақстан құрамасының теннисшісі Заңғар Нұрланұлы Мельбурн қаласында (Аустралия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Australian Open-2026 турнирінің жартылай финалына шықты.
Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингте 12-орында тұрған Нұрланұлы ширек финалда Гонконг өкілі Кай Томпсонмен (ITF Juniors рейтингі - 48) кездесті. Кездесу қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды - 3:6, 7:6 (7:4), 6:4. Осылайша, Заңғар Нұрланұлы Қазақстан теннисі тарихында жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің жекелей сындағы алғашқы жартылай финалисі атанды.
Abai.kz