Дүйсенбі, 2 Ақпан 2026
46 - сөз 244 0 пікір 2 Ақпан, 2026 сағат 16:09

Жаңа Конституцияның өзегі - білім мен ғылым...

Сурет: turanews.kz сайтынан алынды.

Білім мен ғылым, мәдениет пен инновация – жаңа Конституция жобасының өзегіне айнала ма?

Алдағы уақытта қоғам пікірі жинақталып, одан кейін жалпыхалықтық референдум өтеді. Соның нәтижесінде заманауи, жаңа талаптарға сай Ата Заң қабылданады. Ол күн де алыс емес.

Конституциялық комиссия отырыстарында ел дамуының қазіргі кезеңінде білім мен инновацияға негізделген экономика қалыптастырудың маңызы ерекше атап өтілді. Осыған байланысты ғылым мен инновация қағидаттарын конституция деңгейінде бекіту ұсынылды. Мұндай норма ғылыми қызметті тұрақты қаржыландыруға берік құқықтық негіз қалыптастырып, зерттеу орталықтарының, университеттердің және технологиялық компаниялардың жүйелі әрі тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік беруі тиіс

Жаңа заң жобасында әрбір азамат үшін аса маңызды құндылықтар айқын көрініс тапқан. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарымен қатар, болашағымыз үшін аса қажет мәдениет пен білім, ғылым мен инновация негізгі бағдар ретінде алынған. Бұл – елдің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған саналы таңдау.

Шынында да, бүгінде ғылымның рөлі айтарлықтай артты. Дегенмен қазіргі таңда ғылыми қызмет негізінен салалық заңнамамен ғана реттеліп келеді. Ал Конституцияда ғылымға қатысты нақты нормалардың болмауы оның елдің орнықты дамуын қамтамасыз етудегі мәртебесі мен маңызын әлсіретіп отырғаны жасырын емес.

Болашақ қарудың емес, ғылым мен технологияның заманы, сондықтан осы қағидаттардың ата заңның преамбуласына бекітілуі келешек ұрпақ үшін аса маңызды.

Тоқтар Жақаш

Abai.kz

0 пікір